«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Онлайн бақылау-кассалық машиналарға дәл қазір көшудің артықшылығы қандай?

2019 жылғы 22 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
9390 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Бухгалтерлер клубы жиынында салық заңнамасындағы өзгерістер, атап айтқанда, онлайн деректерді тарататын Бақылау-кассалық машиналарды пайдалану, бірыңғай жиынтық төлемді енгізу, сонымен қатар тауарларды таңбалау, авторлық құқықты қорғау мәселесі талқыланды.

Деректерді онлайн тарату функциясы бар бақылау-кассалық машиналар Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері үшін жаңалық емес. 2018 жылдың қазанынан бастап жаңа үлгідегі бақылау-кассалық машиналармен 29 қызмет бойынша 2112 жеке кәсіпкерлік жұмыс істеуде. Қолданысына осы машиналарды пайдалану міндеттелген тағы 323 қызмет түрі онлайн жүйеге биыл 1 сәуірден бастап қосылады. Бүгінде деректерді онлайн таратуы бар бақылау-кассалық машиналар немесе веб-кассаларды қоюға рұқсат берілген. Аталған машиналарды сатумен айналысатын мамандар мұндай машиналарды қазірден бастап сатып алуды жоспарлау керек деген ойда. Ал жаппай сұраныс басталғанда қажет тауарды табуға қиын болады.

 «Жеке кәсіпкерлерді онлайн бақылау-кассалық машиналарды қолдануға міндеттеген уақытты күтудің қажеті жоқ. Ол уақытта машиналар сатылымда болмай қалады, тіпті алып-сатарлар пайда болып, тауарды қымбат бағамен ұсынуы мүмкін. Онлайн аппараттарға өту кезең-кезеңмен жүріп жатыр, сондықтан бұл шара орындалмай қоймайды. Бұл аппараттар кәсіпкерлер жұмысын оңтайландырады, өйткені барлық деректер серверде сақталады», – деді Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету филиалының жеке менеджері Дмитрий Васильев.

2019 жыл ішінде онлайн бақылау-кассалық машиналарға 633 қызмет түрі бойынша қызмет жүргізетін кәсіпкерлер өтуі тиіс. Облыста 8 мың 300 субъекті осы тізімге жатады. Патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарға бұл жаңашылдық 2020 жылы енгізіледі.

 Тағы бір маңызды мәселе – бірыңғай жиынтық төлемді төлеу. Бұл төлем өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және кәсіпкерлік қызметті салық органында тіркеусіз  жүзеге асыратын жеке тұлғаларға міндетті.

 «Үй шаруашылығынан мал шаруашылығын жүргізіп жатқандар, тұрғын ұй жайларын жалға берушілер бірыңғай жиынтық төлем төлеуі керек. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуге – басқа жеке тұлғаларға қызмет көрсеттетін жеке тұлғалар жатады. Олардың табысы 1175 АЕК-тен аспауы тиіс. Осылайша бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер өздерін базалық зейнақымен қамтамасыз етуге, әлеуметтік және медициналық сақтандыру тізбегі бойынша қызмет алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар 10 пайыз жеке табыс салығы ретінде автоматты түрде жіберіліп тұрады. Қала тұрғындары үшін бірыңғай жиынтық төлем ай сайын  1 АЕК-ті құрайды, ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК», – деп мәлімдеді СҚО мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының түсіндірме жұмыстар бойынша маманы.

Бухгалтерлер клубы отырысында жақын арада темекі өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмекті таңбалау басталатыны хабарланды. Бүгінде тері бұйымдарын таңбалау салық түсімдердің 1,5 есе өсуімен өз тиімділігін көрсетті.

 «Ең бастысы таңбалау тұтынушыларды сапасыз тауардан, ал кәсіпкерлерді көлегейлі бәсекелестерден сақтайды», – деп қорытындылады СҚО Мемлекеттік кірістер департаменті Экспорттық бақылау басқармасының бас маманы Бақытгүл Баржақсымова.

 СҚО Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі бөлім жетекшісі Мария Томас қатысушыларға контрафактілі өнім және танымал брендтердің жасанды тауарын әкеп, жақыннан көрсетті. Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы мәселесі де назардан тыс қалмады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер