«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Халық банкі әйелдер кәсіпкерлігіне қосымша қаржы бөледі

2019 жылғы 20 Ақпан
4558 просмотров

Әйелдер бизнесін жеңілдікпен несиелеу жайында «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова Алматыда өткен Women in business форумында айтты

«Былтыр «Қазақстанның Халық банкі»  және «Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру бойынша бірлескен жобасы аясында 236 кәсіпкер әйел 5%-дық мөлшерлемеде жалпы сомасы 1,8 млрд теңге көлемінде несие алды. Биыл  әйелдер кәсіпкерлігін несиелеуге тағы бір миллиард теңге бөлуге дайынбыз. Бизнестегі әйелдерді неге қолдап жатырмыз? Өйткені, төлеуге қабілеттілік талдауы әйелдердің анағұрлым жауапты, ұқыпты және еңбекқор екенін көрсетті. Әйелдер арасында кешіктіріп төлеу, қарызды қайтармау көрсеткіші төмен», – деді «Қазақстанның халық банкі» АҚ Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Спикердің айтуынша, Алматы – мемлекеттің ұмтылуы қажет экономикалық үлгісі. Сонымен қатар бизнес мәселелерін мемлекет және кәсіпкерлік қауымдастық арасында құрылымды диалог құру арқылы бірігіп шешу керектігіне назар аудартты.

 «Туризм, бизнес, сауданы дамытудың орталығы болуға тиіспіз. Өйткені қала есебінен шағын және ора бизнестің бюджеті қалыптасады. Алайда бұл сектор толыққанды өсіп жатқан жоқ. Кейде мемлекеттен бізге көмектспеуді, бізге кедергі жасаумады сұраймыз... Егер қандай бір өзгерістер немесе реформалар қабылданып жатса, барлық қатысушылардың мүддесін назарға алу керек», – деді Қазақстан Халық банкінің басқарма төраймы.  

 Нақты мәселелерге тоқталсақ, Үміт Шаяхметованың айтуынша, бүгінде кәсіпкерлерді несие алудың шарттарына қатысты мәселелер көбірек аландатады.

 «Былтыр ұлттық валютаның құбылмалылығы жоғары болғанын білеміз. Ал 2018 жыл ішінде девальвация 17%-ды құрады. Мүмкін, бұл рубльдің ықпалына байланысты шығар. Алайда, оң макроэкономикалық көрсеткіштерге қарамастан теңгенің құлдырауы неге орын алғанын кейде түсінбедік... 2019 жыл – банк жүйесін сауықтыру шеңберінде жүреді деп санаймыз. Біз жалпымемлекеттік экономикалық өсу, сонымен қатар экономиканы несиелендіру үдерісі жалғасады деген сенімдеміз. Бұл банкирлер алдында тұрған негізгі міндеттер», – деді Үміт Шаяхметова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер