«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер дауы қалай шешіледі?

2019 жылғы 20 Ақпан
- Маңғыстау облысы
5180 просмотров

Ақтауда негізсіз кедергілерді жойып, жеке кәсіпкер Е. А. Кунапинге құқықтық көмек көрсетуді Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы қолға алды. Осылайша өңірлік Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында осы мәселе кеңінен қаралды 

2018 жылдың қазан айында кәсіпкер Ақтау қаласы, Самал-1 шағын ауданынан қонақ үй құрылысын жүргізу мақсатында 12-жүздік жер учаскесін алады. Оған ҚР Үкіметінің қаулысына сай тиісті құжаттар толықтай берілген. Жергілікті басылымдарға өткен жылдың қараша айында «Мемлекет қажеттігіне орай жер учаскесін мәжбүрлеп қайтаруды бастау туралы» әкімдіктің шешімі жарияланады. Аталмыш жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы қала әкімінің бір емес, екі рет  шешімі шықты. Оны негізге алып қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі іскерге техникалық шарттарды беруден бас тартады. Мұндай шешімдерге келіспеген Кунапин сотқа жүгініп, кәсібіне қиындық тудырған құжаттардың күшін жоюды сұрап, арызданады. Ақтау қалалық №2 соты  кәсіпкердің талап- арызын қанағаттандырды. Соған қарамастан құрылыс жұмыстары әлі тоқтап тұр.

«Ақтау қаласының жергілікті атқарушы орган өкілдері нысан аумағына бірнеше рет келіп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын шұғыл тоқтатуды талап еткен. Сәулет-құрылыс заңдылығының сақталғанын қадағалау туралы негізсіз тексеру де жүргізілді. Кәсіпкер осы жылдың 15 қаңтарындағы қала әкімінің кезекті шешіміне келіспеймін. Ортақ қолданыстағы нысан құрылысы үшін мәжбүрлеп қайтару процесі басталғаны хабарланды. Бұл аумақ Үкімет қаулысында жағажай, аквапарк, сауықтыру және демалу нысандары үшін деп білгіленген. Сондықтан да мұндай әрекеттер кәсіпкерлікке тосқауыл қою мақсатында жүргізіліп отыр деп ұйғарамын»,- дейді жеке кәсіпкер. 

Әкімдіктің бұл іс-әрекетіне прокурорлар да қарсылық білдіріп отыр.

Маңғыстау облысының прокуроры Ерлан Абаев былай деді:

«Кәсіпкердің жер телімін мәжбүрлеп кері қайтарып алу мәселесін жіті тексеру қажет. Бұл сұрақты қадағалауымызға алып, кәсіпкердің қарсылығын заң тұрғысынан толықтай қарап, шешілген нақты жауапты Кеңес отырысында жариялаймыз».

Басқосуға прокурорлар, полицейлер, әкімдік өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер де қатысты.

Аталмыш мәселенің қалай шешілгені туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасы наурыздың 15 күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына есеп беруі тиіс. Кәсіпкер өз мүддесінің оң шешім табарынан үмітті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер