Жеті институтты қайта құру туралы
Мемлекеттік кәсіпорындарды құруға «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылауды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 7 институтын қайта құру (республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формасын формасын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға өзгерту жолымен) туралы сұратым жарияланды. Атап айтқанда:
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.О.Әуезов атында әдебиет және өнер» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны;
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны.
Жоғарыда аталған әр институтқа қатысты қосымша материалдармен (түсініктемелер, жоспарланып отырған іс-шаралар, ағымдағы жарғылар, жаңа жарғылардың жобалары) мына тізім бойынша жекелей танысуға болады:
- Археология институты
- Шығыстану институты
- Тарих және этнология институты
- Әдебиет және өнер институты
- Философия, саясаттану және дінтану институты
- Экономика институты
- Тіл білімі институты
Пікір қалдыру:
Пікірлер: