Ләззат Рамазанова: Мемлекеттік қолдау әйелдерді STEM жүйесіне тартуға қарай бағытталуы қажет
Алматыда Women in business әйелдер кәсіпкерлігі форумы өтіп жатыр. Women in business форумына 100-ден астам кәсіпкер әйел, қоғамға сүбелі үлес қосып келе жатқан қайраткер әйел, Қазақстан, жақын және алыс шет елдердің спорт және мәдениет өкілдері қатысты.
Спикерлер бизнес-орта, әйелдер кәсіпкерлігі, экономикалық саясат, қалалар инфрақұрылымы, мәдениет және экология, салалық мамандану, экономиканың әлемдік трендтерін дамытудың өзекті мәселелеріне назар аударды.
Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова әр өнеркәсіптік рефолюция өзімен бірге әлеуметтік күйзеліс әкелетінін айтты. Адамдардың жаңа парадигмаға бейімделуі қоғам арасында жаңа өзекті дағдылардың тапшылығы салдарынан өршіген жұмыссыздыққа әкеледі: осындай жағдай XIX, XX ғасырларда болған, тура сондай жайт ХХІ ғасырда да болып жатыр.
Осылайша, Қазақстанның нарықтық жүйесінің бастауы – әйелдердің ауыспалы кезеңде белсенді экономикалық рөлді өздеріне алып тез бейімделіп кетуімен есте қалды. Жаһандық экономикалық сын-тегеуріннің заманауи дәуірінде икемділік, креативтілік, әлеуметтік мүддені ескеру сынды дағдылар әйелдерге келе жатқан дағдарысты еңсеруге мүмкіндік береді.
«Бүгінде Қазақстанда әйелдер халықтың 51%-ын құрайды. Әлем бойынша әйелдердің небәрі 29%-ы STEM жүйесінде (S (science) – ғылым, T (technology) – технология, E (engineering) – инженерия, M (mathematics) – математика) жұмыс істейді. Егер әйелдер тренде болмаса, кәсіби маман ретінде сұранысқа ие бола алмаса, өз мүмкіндігін іске асырмаса – бәсекеге қабілетсіз болады. Ал осының арты мемлекеттің бәсекеге қабілетсіздігіне әкеледі. Бізде бұл мамандықтар жігіттерге ғана арналаған деген стереотип қалыптасқан. Қыз балаларды осы мамандықтарға оқуға жіберуден қорықпау керек. Әйелдер кәсіпкерлерге жаңа трендтерді және дамудың жаңа түрлерін көбірек пайдаланған жөн деген ойдамын. Мемлекеттік қолдау шаралары алға жылжыту, дамытуға қарай бағытталып, әйелдердің келер 50 жылда сұраныста және бәсекеге қабілетті болуы үшін осы мамандықтар бойынша қыздар тобын құруға квота бөлуге, мүмкіндігінше бағдарлануы керек», – деді Ләззат Рамазанова.
Спикердің пікрінше, қыздарды технология және нақты ғылымдарға қазірден бастап тарту қажет, сондай-ақ жаһандық экономикалық сын-тегеуріндерді ескере отырып, әйелдерге арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламарын құру, әйелдер кәсіпкерлігін несиелеу бағдарламарын қол жетімді ету, қаржыға қолжетімділіктің жаңа платформаларын құру (мысалы, краудфандинг, венчур арқылы) қажет.
«Қазақстанның халық банкі» және «Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру бойынша бірлескен жобасы аясында 236 кәсіпкер әйел 5%-дық мөлшерлемеде жалпы сомасы 1,8 млрд теңге көлемінде несие алды. Биыл 5%-дық мөлшерлемемен несиелеуге тағы бір миллиард теңге бөлуге дайынбыз. Бизнестегі әйелдерді неге қолдап жатырмыз? Өйткені, төлеуге қабілеттілік талдауы әйелдердің анағұрлым жауапты, ұқыпты және еңбекқор екенін көрсетті. Әйелдер арасында кешіктіріп төлеу, қарызды қайтармау көрсеткіші төмен», – деді «Қазақстанның халық банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.
«Жаһандық сын-қатер. Басқарудағы әйелдер рөлі» тақырыбындағы талқылауға «Қазақстанның халық банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова, China CITIC bank Директорлар кеңесінің төрағасы Ли Цинпин, Гонконг Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Клэр Ло, Қазақстан және Қырғызстанның Hewlett Packard Enterprise компаниясының бас директоры Дана Алтыбаева, Қазақстан тұтынушылары лигасының президенті Светлана Романовская қатысты. Спикерлер банк және ІТ-саласындағы өзгерістер, валюта нарығындағы жағдай, әйелдердің әлем экономикасындағы үлесі туралы сөз қозғады.
Форум алаңында welness, fashion, restoclub индустриясы, қаржы, бренд, бедел және тиімді тайм-менеджемнтті басқару бойынша практикалық семинарлар тақырыбында шеберлік сабақтар мен семинарлар өтті. Іс-шараны Қазақстан баспасөз-клубының ақпараттық қолдауымен «Атамекен» ҚР ҰКП Алматы бойынша Іскер әйелдер кеңесі, «Қазақстан халық банкі» АҚ ұйымдастырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: