«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл кітапханасы бизнес-басылымдармен толықты

2019 жылғы 19 Ақпан
- Атырау облысы
5762 просмотров

Енді Исатай ауданының тұрғындары ауыл кітапханасына барып кәсіпкерлік сауаттылықты арттыра алады

Кәсіпкерлік саланы қолдау тетіктерінің артуы арқылы  ауылды жерде жылдан жылға кәсіпкерлік негіздерін оқып, жеке кәсіп ашқысы келетіндердің саны артып келеді. Қазіргі таңда Исатай ауданында 2 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, онда шамамаен 2 300 адам жұмыс істейді.

Исатай аудандық кітапхана директорының міндетін атқарушы Сәния Көбееваның айтуынша, соңғы уақытта оқырманның көбі бизнес әдебиетіне қызығушылық танытуда. Осы жайтты ескере отырып, кітапхана басшылығы Атырау облысы кәсіпкерлер палатасына кітапхана қорын кәсіпкерлік туралы кітаптармен толықтыру бойынша өтінім жасады.

 «Бизнес туралы кітапты сұрайтын оқырмен көп. Олардың ішінде жастар басым. Осы күнге дейін, өкінішке қарай, мұндай басылымдарр бізде болған  жоқ. Сондықтан Палатаның аудандық филиалынан көмек сұрадық. Менеджерлер бізді бірден қолдап, бірнеше пайдалы кітапты сыйға тартты. Бұл басылымдар оқырмандарымызға пайдалы болады деген сенімдемін», – деді Сәния Көбеева.

 Кітапханаға берілген кітаптар арасында – «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» жинағы бар, онда кәсіп ашуға дайын идеялар топтастырылған, «Кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша нұсқаулық», Кәсіпкерлерге арналған ақпараттық-анықтамалық және т.б. Кітапхана басшылығы және ӨКП филиалы арасындағы келісімге сәйкес қорды үнемі толықтыру жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер