«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Астана Жастары» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнын құру туралы

2019 жылғы 18 Ақпан
11178 просмотров

 Мемлекеттік қатысумен заңды тұлғаларды құру бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылауды жүргізу мақсатында «Астана Жастары» мемлекеттік мекемесін Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына қайта құру туралы сұратым жарияланды

Орналасқан жері – Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Республика даңғылы, №34.

Қызмет ету ауқымы: Астана қаласының әкімшілік-территориялық шекарасы шеңберінде.

Құрылтайшы (акционер) және оған қатысты мемлекеттік коммуналдық меншіктің құқық субъектісі ретінде әрекет ететін орган – Астана қаласы әкімдігінің Астана қаласының қоғамдық даму басқармасы.

 Кәсіпорын қызметінің мақсаты – жастар және қосымша білім беру, жұмыспен қамту, мәдениет және спорт саласындағы жастар ұйымдарын қолдау және дамытуда қызмет көрсету, сондай-ақ, жастар саясаты, мәдени-ойын-сауық іс-шаралары саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.  

 Жүзеге асыруға жоспарланған қызмет түрлері:

  1. жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;
  2. жастар және жастар ұйымдарына арналған әтістемелік материалдар, білім беру және басқару технологиялар жинақтары, семинарлар мен вебинарлар материалдары, анықтамалық ақпаратты қалыптастыру;
  3. жастар және жастар ұйымдарына арнап құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмек көрсету;
  4. жастар арасында еңбекпен қамту, кәсіби бағдарға атсалысу, еріктілер қозғалысы және кәсіпкерлікті белсендіру бойынша көмек көрсетуде белсенді жұмыс жүргізу;
  5. Астана қаласы ауқымында кеңес беру-ақылдасу органдарында белсенді қатысу;
  6. жастар саясаты саласында бастамаларды іске асыруда жастар ортасында туындайтын мәселелерді талқылауға арналған диалог ортаны құру және ұсыну;
  7. Жастардың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетін өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі ұйымдастыруды белсендіретін жастар жобаларын және жастар бастамаларын қолдау және сүйемелдеу;
  8. әкімдік ұсынып отырған өкілеттілік шеңберінде өңірлік және республикалық жастар форумдарын өткізуге жұмысына қатысу;
  9. жастардың қажеттілігі мен мәселелері бойынша деректерді жинауға қатысу, олардың арасында өзектілерін анықтау;
  10. жастармен жұмыс істейтін, жастар топтарындағы трендтер мен үрдістерді анықтайтын жастар ұйымдары, Астана қаласының жастар өзін-өзі басқару ұйымдары, партиялардағы жастар қозғалысы, этномәдени орталықтар, адам құқықтары, діни және үкіметтік емес ұйымдарының қызметі  туралы ақпарат жинауға қатысу;
  11. Астана қаласының жастар ортасындағы жағдайды зерттеу бойынша талдамалық жұмысқа қатысу;
  12.   жастар ортасында әлеуметтік зерттеу, тәуекелдерді болжау және   және Астана қаласының аумағында жастар саясатын дамыту үрдістеріне қатысу;
  13. жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған ұсынымдар, жобалар, жүйелік шараларды әзірлеуге қатысу;
  14. жастардың бос уақытын дамытуға жәрдемдесу үшін белсенді жұмыс жүргізу;
  15. өзінің біліктілігі шеңберінде жастар және жастар ұйымдары, сонымен қатар мүдделі ұйымдар мен тұлғаларға өзінің қызметі туралы ақпарат беру;
  16. қоғамдық сананың жаңғырту мақсатында жастарды мәдени, азаматтық және рухани-өнегелі құндылықтарға баулу;
  17. жеке тұлғалар үшін бос уақытты және қосымша білім беру саласындағы ақылы қызметтерді ұсыну;
  18. қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық масштабтағы ауқымды мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізуді ұйымдастыруға және тікелей қатысу;
  19. фестивальдер, концерттер мен байқау, билерді ұйымдастыру мен өткізу;
  20. ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық құрылымдардың, жекелеген азаматтардың жастар саясаты саласындағы қызметтерін көрсету үшін әлеуметтік тапсырыстарды қабылдау;
  21. халыққа әлеуметтік қызмет көрсету.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер