«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық кәсіпкерлер Ташкентте өтетін сауда-экономикалық миссияға қатыса алады

2019 жылғы 14 Ақпан
2763 просмотров

2019 жылдың 13-14 наурыз аралығында экспортты алға жылжыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындау шеңберінде Ташкент қаласында ресми сауда-экономикалық миссия өтеді

Іс-шараны «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан құрылған Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастыруда. Миссияның мақсаты – тікелей байланыстарды орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасында сауда қатынастарды жандандыру, сонымен қатар екіжақты кездесулерді өткізу.

Қазақстанның тамақ және құрылыс өнімдерді Өзбекстанға экспортауда үлкен әлеуеті бар. Бұл өнім түрлері басқа елдерден әкелінетін тауарлардан гөрі бағалық артықшылықтарға ие. Осыған байланысты сауда-экономикалық миссия жоғарыда аталған салаларға назар аударады.

 Қазақстан Сыртқы сауда палатасы сауда-экономикалық миссия шеңберінде келесі шығындарды өтейді:

 - жабдықталған мәжіліс залын жалға алу;

-қазақстандық қатысушылардың орналасуы (бір кәсіпорыннан 1 адамнан артық емес және миссия өтетін ресми күндер аралығында);

-қатысушылардың миссия өтетін ел ішінде трансферті.

Басқа шығындарды (ұшу, тәуліктік шығындар және т.б.) қатысушылар өздері көтереді.

 Сауда-экономикалық миссияға қатысам деушілерді 24 ақпанға дейін мына   сілтемедегі өтінімді толтыруды сұраймыз.

Сұрақтар бойынша:  Өмірзақ Айнұр Маратқызы, 8(7172) 279056 (204), 8 707 118 80 85, электронды пошта: a.omirzak@atameken.kz және Абдраманов Әлибек Калдыбекұлы, 8 702 777 32 91, электронды пошта: abdramanov.alibek@gmail.com.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер