«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шартты шығарылымға жатпайтын тауарлар тізбегін кеңейту ұсынылды

2019 жылғы 13 Ақпан
2444 просмотров

Импортталатын өнімдерді шартты түрде шығару – отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселесі  болып отыр

Бүгінде кедендік тазалауды оңтайландыру мақсатында қолданыстағы заңнама импорт өнімін қауіпсіздігін – иеліктен шығару құқығынсыз шартты түрде   босату бойынша кіргізу мүмкіндігін қарастырады. Кеден органдарына шартты түрде шығарылған өнімге сертификат беру мерзімі 60 күнді құрайды.

Алайда, аталған шара нарықты алақол қатысушылардан қорғай алмай жатыр. Шартты түрде шыққан тауарлардың сәйкестікті растау бойынша құжаттарсыз сатылатыны жиі кездеседі.

 «Қазіргі жағдай адал бәсекелестікті тежеп, отандық өндірістің дамуын ынталандырмай отыр. Келтірілген шығынға импорттаушылар жауапкершілігінің сәкес келмеуі жағдайды қиындата түсуде. Кеден органдарына сертификаттардың көрсетілмегені үшін небәрі 20 АЕК көлемінде айыппұл белгіленген», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов.

 Спикер бүгінде шартты шығарылым ойыншық, балалар велосипедтері және самокаттарға қатысты ғана қолданылмайтынын айтты.

 «Импорттаушылар тарапынан заңсыз бәсекелстік фактілердің жиіленіп кетуі аталған тізбекті қайта қарау қажеттігін көрсетеді», – деді Қуаныш Бишімов.

 Өз кезегінде «Атамекен» Қазақстанда өндірісі жолға қойылған  өнімді шартты шығаруын шектеу мақсатында талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде өндірістің тұрақтылығы, сонымен қатар заңсыз бәсекелестіктің белең алу фактілері анықталды. Талдау қорытындысы ретінде цементтің кейбір түрлері, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, кабель-өткізу өнімдері және көлік құралдарына қатысты шартты шығарылымды шектеу бойынша ұсыныс жасалды.

 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов шартты шығарылымды шектеуді қолдады және Еуроодақтың өнімді кіргізуде жеке қаптамаларға өту бойынша тәжірибесін қарауды ұсынды.

 Жиынды қорытындылай келе, Қуаныш Бишімбаев өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған қажетті шаралармен бөлісті.

 «Біздің пікірімзше, отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру – шартты шығарымды қысқартумен қатар кешенді жүзеге асуы керек. Сонымен қатар аккредиттеу субъектілеріне бақылауды күшейтіп, ескірген нормативті құжаттарды (ұлттық техникалық регламенттер және стандарттар) қайта қарастырған жөн», – деді Қуаныш Бишімбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер