«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекенде» лотореялық қызмет туралы заң жобасы қаралып жатыр

2019 жылғы 06 Ақпан
4942 просмотров

Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында лотореялық қызметке қатысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген заң жобасы қаралуда

Заң жобасының нақты нормаларына тоқталып өтейік.

Лотореяны таратудан бөлек, лоторея билеттері, квитанциялар және басқа да құжаттарды жүзеге асыру бойынша айналымына қосылған құн салығынан босату ұсынылып отыр. Сонымен қатар патент немесе жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін лоторея операторының келісімшарты негізінде қызмет ететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арнайы салық режиімн қолдануды қарастыру ұсынылуда.

Екінші норма бойынша жаңа түсініктер енгізу, сонымен қатар лоторея түрлеріне «Ынталандырушы лоторея» түсінігін енгізу ұсынылды. Осыған байланысты заң жобасында ынталандырушы лотореяны ұйымдастырушыларға талаптармен жаңа бап ұсынылды. Ынталандырушы лоторея енгізу талаптарында: қолма қол ақшаны ойнату, сонымен қатар ынталандырушы лотореяны ұйымдастырушылар өкілетті орган мекенжайына міндетті түрде хабарлама жіберу  ұсынылған. Бұл шара ойнатылатын жүлде мүлік бірлігі немесе қызмет түрі құнын 400 АЕК-тен асырған кәсіпкерлерге қолданылады.

Үшінші норма ақша ойнататын ынталандырушы лотореяға  жарнама жасауға тыйым салу және белгілі бір өнім түрлері (жұмыстар және қызмет) жарнамадағы лотореялық операторды қоспағанда, барлық кәсіпкерлік субъектілері үшін «лоторея» терминін қолдануға тыйым салуды  қарастырады.

Төртінші норма ең төменгі жалақының 50%-ынан аспайтын ұтыстарға ұтыстарды төлеу шығыс-кассалық ордерді жазу бойынша талаптардан шығару ұсынылды және қолма-қол ақша шығаруда бастапқы құжат ретінде – бақылау-кассалық машиналардың чегі немесе түбіртек немесе ұтысты растайтын басқа құжатты ұсынады.  

Бесінші норма біз үшін жаңа түсінік – «Лотореяны клубтық өткізу» енгізуді қарастырады. Бұл норма ҚР Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген қағидалармен реттеледі.

Соңғы норма ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске қатысты. ҚР Лоторея және лотореялық қызмет туралы ҚР заңнамасы талаптарын ұстанбайтын азаматтарды айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылған.

 Барлық ұсыныстар мен ескертпелерді пікірге жазуды сұраймыз, барлығын талқылауға дайынбыз: +7 701 941 0338 What’s app.

Заңның толық мәтінін «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтындағы «Бизнес және Заң» бөлімінен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://bestprofi.com/document/2103983841?3&isScroll=true

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер