Петропавл – Шарм-эш-Шейх тікелей авиарейсі ұйымдастырылды
«Петропавл – Шарм-эш-Шейх» бірінші тікелей авиарейсі 8 маусымға жоспарланған. Облыстық кәсіпкерлер палатасы алаңында осы рейстің тур операторы өкілдері Мысырдағы демалысты ұйымдастыру мәселелерін талқылады
Екі бағытқа ұшу және Шарм-эш-Шейх қонақүйлерінде бюджеттік 9-10 түн демалу туристер үшін адам басына 500 АҚШ долларын құрайды. Облыс және шекаралас өнімдердің тұрғындары билеттерді қазірден бастап брондай алады. Шетелдегі демалыстың мүмкіндіктерімен бірінші кезекте турагенттіктер өкілдерін таныстырып жатыр.
«Осы маршрут бойынша ақпарат беру мақсатында Петропавл, Көкшетау, және Омбының туристік агенттіктерін жинадық. Көңілімізден шыққан қонақүйлерді таныстырғымыз келеді. Билеттерді брондау жүріп жатыр», – деді Шымкент қаласы туроператоры сату бөлімінің жетекшісі Екатерина Русова.
Қызыл теңіз жағалауындағы демалысты Петропавлдың кез келген турагенттігі ұйымдастыра алады. Бүгінде кездесуге 30-ға жуық компания өкілдері келеді.
«Түркиядағы демалыс қымбат болып кетті. Бұған қоса клиенттеріміз жаңа бағыттарды іздейді. Енді солтүстікқазақстандықтарды тікелей рейспен Мысырға жібере алатынымыз қуанышты жағдай. Облыс аудандарында ерекше қызығушылық байқалады. Топпен келіп, сапарады талқыламақпыз», – деді «Suntravel» турагенттіктің директоры Элла Андрощук.
«Петропавл – Шарм-эш-Шейх» бірінші тікелей авиарейсі 8 маусымға жоспарланған. Туристер Boeing 757-200 әуе кемесімен ұшады. Петропавл қаласының халықаралық әуежайы 235 жолаушыға шақталған ұшақты күтіп алуға дайын. Петропавлдан тікелей рейстерді ұйымдастыру жөніндегі келіссөздер соңғы екі жыл ішінде жүргізілді. «Selfie Travel» компания өкілдері егер сәйкес сұраныс болса, туристерді жыл бойына шетелге апаруға дайын.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: