«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық монополияға қарсы органдар құзыретін кеңейтуге ынталы

2014 жылғы 07 Сәуір
10310 просмотров

Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің өз құзыретін кеңейту мәселесі мемлекеттік органдар қарауына жіберілген «Бәсекелестік туралы» заң жобасында белгіленген.

Монополияға қарсы заңнаманы реформалау ел кәсіпкерлері үшін маңызды. Бұл туралы Астанада өткен «Табиғи монополия субьектілері мен реттелетін нарықтарды мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» атты форумда айтылды.

Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграцияға байланысты сатып алынатын тауарлар котировкасы, саудалануына қойылатын талаптарды қайта қарауда.

Жауапты ведомстваның заң қызметі департаменті директорының орынбасары Талғат Берекетовтің айтуынша, бұл отандық бизнесмендерді қорғау үшін қажет.

«Қазақстан үшін бәсекелестік мәселесі маңызды. Біздің қызметтер мен тауарлар бойынша бәсекеге сай келмейтініміз өз алдына, монополияға қарсы Федералды қызмет тарапынан тауар құнының котировкасы бойынша бақылау жүргізе алады. Бізде неге осындай тетік жоқ?», - деді Т.Берекетов.

Монополияға қарсы Федералды қызметтің қазақстандық, беларусьтік болсын тауар жеткізушілерді арнайы тізімге қосуына құзыреті бар.

Алайда, ресейлік заңнама нормаларының барлығы бірдей Қазақстан заңына сай келе бермейді. Мәселен, экономикалық концентрация туралы ресейлік заң талабы бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға елдегі монополияға қарсы органның келісімі арқылы ғана жұмысын бастаса, Қазақстанда өзгеше. Сол сияқты жедел-іздестіру шараларында да айырмашылық бар.

Мұнымен қоса, монополияға қарсы заңда жауапкершілікке тартуға дейін ескерту, сақтандыру шараларын қарастыру мүмкіндігі бар. Сақтандыру заң бұзушылыққа жол берген бизнес субьектісіне не мемлекеттік орган әрекетіне қатысты шара қолданар алдында жасалады.

Ескерту заң бұзушылықтың кейбір түрлері бойынша айыппұл салмас бұрын жасалады. Бизнесменге қызмет форматын бастапқы қалпына келтіру туралы ұсыныс айтылады. Осылайша, айыппұл төлемей, заң бұзушылықты жоюға әбден болады.

Жалпы, «Бәсекелестік туралы» заңды қайта қарау туралы ұсынысына  мемлекеттік органдардың аса құлшыныс танытпағанына қарамастан, Агенттік өз құзыретін кеңейтуге ынталы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер