«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Юлия Якупбаева – Жобаларды іріктеуде кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалуы қажет

2019 жылғы 01 Ақпан
2463 просмотров

 «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0. Еуразияның инновациялық экожүйесі» екінші халықаралық форумның «ЕАЭО цифрлықкүн тәртібі» секциясы барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Комиссияға келіп түскен цифрлық бастамалардың барлық тізбегін бизнеске таныстыруды ұсынды

Өзінің баяндамасында Юлия Якупбаева ЕЭК әзірленген Цифрлық жобаларды қарастыру бойынша тәртіп жобасын қабылдау қажеттілігін қолдады:

 «Бұл жобаларды түсіну үшін қажет – құжаттардың нақты тізбегі, жоба паспорты және Комиссияда құжаттардың өту бизнес-үдерістері. Цифрлық кеңседегі әріптестеріміз бізді «естігеніне» қуаныштымыз. Осы тізбекпен жұмыс ілгерілейтіні анық», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

 Спикер  түрлі елдерден ұқсас немесе жалпы құрауыштарға ие басталамаларды сәйкестендіру мүмкіндігі туралы пікір білдіріп, сол бастамаларды бизнес қарауына беру туралы ұсыныс айтты.

 «Біз нөлдік циклдан жеке ортадағы құзыретті сарапшылардың цифрлық бастамаларды талқылауға кеңінен қатысуын қолдаймыз. Комиссия сарапшылардың бұл ортасын Біліктілік Орталықтары деп атайды. Олар Комиссия және ұлттық мемлекеттік органдармен қалай байланыс орнататынын біз қазір талқылап жатырмыз. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай біліктілік орталықтың бірі бола алатыны сөзсіз», – деді Юлия Якупбаева.

Басқа елдерден серіктестер тұрғысынан бастамалар және жобалардың  «әмбебаптығына» арланған жағдайды қамтамасыз ету, цифрлық жобалар үшін анықтамалық әдебиеттердің бірыңғай архитектурасын жасау бойынша жұмысты жандандыру және бастамаларды қабылдау үшін бірыңғай терезе құру бойынша ұсыныстар айтылды.

«Ең бастысы – жобаларды іріктеуде кәсіпкерлерге ыңғайлы болуға жағдай жасалып, белгілі бір реттеушілік жүйені алып тастайтын түсінікті цифрлық экожүйе құрылуы тиіс», – деді Юлия Якупбаева.

Естеріңізге салсақ, Алматыда Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы аясында  «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0. Еуразияның инновациялық экожүйесі» екінші халықаралық форумы өтіп жатыр.

 Форум мақсаты – инновациялық экожүйе мәселелері бойынша білім мен тәжірибе алмасуға арналған бір құрылым шеңберінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің қызметін біріктіру арқылы Еуразиялық өңірдің әлеуетін ашу. Бұл алаң Еуразиялық Экономикалық одақтың 2025 жылға дейін цифрлық күн тәртібін жүзеге асыруда маңызды бірлескен қадам ретінде қарастыралады. Іс-шараға 800-ден астам халықаралық сарапшы, ЕЭК, БҰҰ, ЕАЭО мемлекеттері өкілдері және елшіліктер қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер