«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер қойнауын пайдаланушылар жер учаскелерінің жетіспеушілігі мәселесін көтерді

2019 жылғы 01 Ақпан
- Жетісу облысы
5436 просмотров

Недропользователи Текели подняли вопрос нехватки земельных участков

Бос орынжайлардың болмауы саладырынан кәсіпкерлер жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын кеңейте алмай отыр

Бұл туралы Кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Іс-шараға Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, қала әкімі Бақтияр Өнербаев, Қала кәсіпкерлері кеңесінің төрағасы Бақыт Шалбаев, ӨКП Текелі филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов, сонымен қатар мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.

«Текелі Мәрмәр» ЖШС, «Ақ-Тас Береке» ЖШС, «Artekstone» ЖШС компаниялардың өкілдері қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту мақсатында жер учаскелерін бөлуге қатысты мәселені шешуге әкімге жүгінді.

 Өз кезегінде Бақтияр Өнербаев аталған мсәелені шешуде барлық шаралар жасалатыны жайында хабарлады.

 Жиын барысында тас өңдейтін кәсіпорындар өтінімі қаралды. Кәсіпкерлер табиғи тастың экологиялық қалдықтарына арналған  полигонды жабуға қатысты алаңдауышылықтарын білдірді. Бұл мәселені де әкім ерекше бақылауға алды.

 Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері мәселені шешудің бір жолы ретінде жастар арасында полигонның үздік жобасына байқау ұйымдастыру, сонымен қатар осындай байқауларды қаланың қажеттіліктеріне қарай өткізіп, іс-шараларды Жастар жылымен байланыстыруды ұсынды.

 Кеңейтілген жиын барысында Кәсіпкерлер кеңесі жаңартылды. Кеңес төрағалығына бір ауыздан «Текелі тау-кен өңдеу кешені» ЖШС директоры Бақыт Шалбаев сайланды.

 «Кәсіпкерлер кеңесі бұрынғыша кәсіпкерлер мәселелерін шешудің алаңы, қала дамуына бағытталатын ұсыныстар және идеялар алаңы болуы керек. Бақтияр Алтайұлы басшылығымен әкімдік тарапынан қолдау бар. Біз бірлесіп атқарылатын жұмысты жалғастыруымыз керек», – деді Бақыт Шалбаев.

 Кәсіпкерлер құқығын қорғау, жобаларды сүйемелдеуден бөлек Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлер саябағын аббаттандыру және бірқатар қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер