«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балаларды тамақтандыру мәселесі өзекті

2019 жылғы 31 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
7959 просмотров

Бүгінде Оралда 50 мектеп жұмыс істейді оның 47-сінде балаларды ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған. Мектептегі түскі ас құны 10 жыл бойы өзгермей келеді

 Облыстық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің отырысында мектеп асханаларды жалдаушылар атынан «БҚО қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қауымдастығының» төрайымы Ляна Тұрсынова сөз сөйледі. Мектептер  асханасында бастауыш сыныптарға ыстық тамақ 89 теңге (ҚҚС-пен қоса 100 тг), аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 150 теңге тұрады. Балалар денсаулығына үнемдеуге болмады, түйткілді мәселені шешудің уақыты келді. Бірінші кезекте ыстық тамақтың құнын көтеру керек. БҚО Білім беру басқарамысы жетекішісінің айтуынша,  мектептерде сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру – 2019 жылдың басым бағыттарының  бірі. 

 

«Былтыр қала және аудандар әкімдіктеріне тамақтандырудың құнын көтеру қажеттігі жөнінде хат жолдағанмын. Олар және бірнеше аудандар тамақ құнын көтерген, бірақ біз күткендей болмады. Бекітілген баға 1-4 бастауыш сыныптардың оқушыларына 150 теңге, және аз қамтылған отбасылар балаларына 250 теңге. Тағы бір сұрақ – бұл баға байқауларды жүргізуде қаншаға төмендейді? Сіздермен бірге жұмыс тобын құрамыз. Топ балаларды дәмді және тойымды тамақ ішулері үшін және кәсіпкерлер ақша таба алуы үшін жұмыс істеуі тиіс. Биліктің де, бизнестің мүддесі қаралғанын қалаймыз», – деді Облыстық Білім беру басқармасының жетекшісі Шолпан Қадырова.

Былтыр қалалық білім беру басқармасы тамақтандыру саласында 12 қызмет көрсетуді жеткізушілермен келісімшартқа 31 наурызға дейін отырған. Байқау процедуралары енді жаңа қағидалармен жүргізіледі. Қалалық білім беру басқармасының жетекішісі  Асан Нарымбаевтың айтуынша, мониторингтік топ құру жоспарланған. Комиссияның өзінде қоғамдық ұйымдар мүшелері көп болады.

«Байқау процедураларына енгізілген жаңа қағидалар қатаң орындалғаны жөн. Байқау комиссиясы құрамына мектеп өкілдері кірмейді екен. Мүшелер арасында – ата-аналар  қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар қоғамдастығы, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері бар. БҚО Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің жетекшісі қызметкерлердің жұмыс ауқымы үлкен болғандықтан байқау комиссиясы жұмысына қатыса алмайтындарын айтты, сондықтан аландаушылық білдіріп отырмыз. Демек, комиссия құрамында ата-аналар ғана қалып тұр. Олардың құзіреті қандай, байқаулық өтінімдерімізді қарай ала ма? Қызмет түрлерін ұсынатын жеткізушілерге деген талап өте жоғары. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және басқа да жағымсыз салдарға әкелетін алғышарттар қазірдің өзінде жойылғанын қалаймыз, бізді естісе екен. Біз, сондай-ақ, байқау кестесі жүйелі негізге алынғанын сұраймыз, өйткені олар қандай қағида бойынша жүргізілетіні түсініксіз», – деді «БҚО қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қауымдастығының» төрайымы Ляна Тұрсынова

 «Тілек-ұсыныстарды ескере отырып, байқауларды өткізу кестесін дайындадық. Қала бірнеше ықшам ауданға бөлінген, осылайша бизнес өкілдеріне қатынау және байқауға қатысу жеңілдейді. Байқау комиссиясы да тура солай, оның құрамында мүдделі тараптар болуы шарт. Біз балалар мүддесі мен құқықтарын қорғайтын белгілі бір қоғамдық ұйыммен шектелмейміз. БҚО Қоғамдық денсаулық департаментімен де келіссөздер жүргіздік. Аталған саладағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін жағдай жасаймыз. Ыстық тамақтануға қатысты барлық мәселелер жылдам шешілетін болады», – деді облыстық Білім беру басқармасының жетекшісі Шолпан Қадырова.

 Кәсіпкерлердің айтуынша балалардың мектеп қабырғасында тамақтануы балалар денсаулығы және өмірімен байланысты, сондықтан бұл салада артық тараптар болмауы тиіс. «БҚО қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қауымдастығы» жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша бастама көтерді. Ісін адал атқарғандар ештеңеден қорықпауы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер