Бухгалтерлер мен аудиторлар бір тудың астына жиналады
«Атамекен» алаңында осы саланы қадағалау және келеңсіздіктерге жол бермеу үшін бірыңғай бақылаушы орган құру мәселесі көтерілді.
2018 жылы ҚР ҚМ бухгалтерлік және аудиттік жүйені жетілдіру мақсатында жыл бойы жұмыс жасады. Жыл соңыда министрлік аудит және оның есебіне байланысты соңғы өзгерістерін ұсынған болатын.
Өзгерістер сатылап қабылданады. Бірінші орынға мамандардың біліктілігін қойып, бұл мамандыққа көрінген адамның кіріп кетуіне тосқауыл қойылмақшы.
«Жаңадан велосипед ойлап табудың қажеті шамалы. Халықаралық стандарттар мен евродиректива мамандардың үнемі біліктілігін арттырып отыруды талап етеді. Өткен жылдың статисикасына көз жүгіртейікші. Берілген куәліктердің саны артқан. Сәйкесінше заң бұзушылық көрсеткіші де артқан. 2018 жылы 87% тұжырымдама нормаға сәйкес келмеген. 149 жеке тұлға және 145 заңды тұлға жауапқа тартылған», - дейді ҚР ҚМ бухгалтер есебі, аудит және бағалау департаментінің директоры Арман Бектұрова.
Бірінші сатыда оқу бағдарламаларын халықаралық стандарттарға лайықтамақшы. Бастысы аудиторлар мен бухгалтерлерді аттестациялауды стандарттау.
«Палатаның емтиханы өте күрделі. Мен өз басымнан өткен соң айтып отырмын. Бір емтиханды 3-4 мәрте тапсырған кездерім болған. Сақтық мақсатында кәсіби бухгалтерлік мамандығы бойынша бір ЖАҚқа да емтихан тапсырған болатынмын. Тест сұрақтарының деңгейлері де әр түрлі. Мінекей, осындай оқиғалар нарыққа сауатсыз мамандардың кіруіне жол береді. Ал, ӨӨРге келер болсақ, біз бұл жүйеде бұрыннан жұмыс жасап жүрміз. Барлық емтихандар мен біліктілік арттыруды ойлап тапқан сол ЖАҚтың өздері болатын. Қазіргі таңда ЖАҚ жұмысына ӨӨР көңілі толмайды», - деп мұңын шақты аудиторлар Палатасының мүшесі Әділ Сыздықов.
Екінші сатыда бақылаушы орган құрылады. Кәсіби кеңес құрамына ҚР ҚМ, Ұлттықбанк, KASE, АХҚО, бес аудиторлық ұйымдардың және «Атамекен» ҰКП өкілдері кіретінін баса айтқымыз келеді. Бірақ, бұндай бірыңғай бақылаушы органның құрылуын барлығы бір ауыздан қолдай қойған жоқ.
«Біз үш аудиторлық кәсіби ұйымдардан, яғни, Коллегия, Одақ және Институттан тұратын бірлестікпіз. Бірыңғай бақылаушы органның құрылуына қарсымыз. Қазіргі өзін өзі реттеуші аудиторлық қызметіміз мемлекетіміздің саясатына және нормотивтік құқықтық актіге қарсы келмейді. Мына ұсынып отырған жүйе жергілікті компанияларды «жұтып» жібереді», - дейді ЖАҚ «Аудиторлар Коллегиясы» басшылығының төрағасы Данияр Нұрсейітов.
«Қазіргі жүйе мен ұсынып отырған жүйенің еш айырмашылығын көріп отырғаным жоқ. Бұдан кейін де ЖАҚтар өз жұмысын жасай береді. Тек қана, олардың үстінен жұмыстарының сапасын бақылаушы бір орган пайда болады», - дейді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов
Айтылған ескертпелер мен көрсетілген өзгерістермен әрі қарай Бірыңғай біліктілік комиссиясы айналысады. Осы комиссия аттестациялау және бухгалтерлердің бірыңғай тізілімін жасау бағдарламасын жасап шығуы керек. Кәсіби мамандар мемлекеттік емес бұл ұйымның өмір сүруі үшін мүшелік жарна жағына алаңдайтындарын білдірді.
Отырыс соңында Рүстем Жүрсінов ескертпелер мен өзгерістерді есепке алатын презентация жасалуын тапсырып, ол презентацияны көпшілікпен талқылайтындарын жеткізді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: