«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Лифтілеріңіз ұлттық стандартқа сай ма?

2019 жылғы 30 Қаңтар
775 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында «Қазақстан лифтшілері» қауымдастығы былтырғы жылғы жұмыстарының есебін беріп, қордаланған мәселелердің шешімін табу жолдарын қарастырды.

Отырыс тізгінін «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов өз қолына алды. Дөңгелек үстел барысында талқыланатын мәселелерді қысқаша баяндай келе, Рүстем Жүрсінов сөз кезегін «Қазақстан лифтшілері» қауымдастығының  президенті Нұрлан Кенжебаевқа берді.

"Біздің қауымдастық осы саладағы басқа да мүдделес органдармен бірлесе отырып, лифттерді орнату барысында ҚР  Ұлттық стандартын жасаған болатын. Яғни, лифттер, эсколаторлар, басқа да көтеріп, түсіру қызметтерін ұсынушыларға қойылатын талаптар белгіленді. Лифт қызметін ұсынушы лифтіні орнату, қызмет көрсету барысында, апатты жағдайлар барысында не істеуі керек, диспетчерлік қызмет, лифт  пайдаланушыларының өміріне қауіп төнген жағдайда  сақтандыру шаралары мен азаматтардың мүліктері бүлінген жағдайда алатын өтемақы мәселелері  барлығы да қарастырылып отыр. Егер, біз бұл стандартты заңды түрде енгізсек, тендер арқылы көлденең көк аттылар бұл салаға кіре алмаушы еді. Сәйкесінше ұсынатын қызмет деңгейі де өсетіні, нәтижесінің көзге көрінетіні мәлім",– деді Нұрлан Кенжебаев.

Жалпы, қазір бұл салаға екінің бірі кірісіп, тұрғындардың ақысы арзан болғаны үшін ғана күмәнді компаниялармен жұмыс істеп жатқаны жасырын емес. Олардың кейбірі жөндеу жұмыстары тұрмақ, диспетчерлік қызмет көрсете алмайды. Мәселен, «Қазақстан лифтшілері» қауымдастығында  4 диспетчер қызметі бар. 1 диспетчерлікте 14 компания бар болса, қалған үшеуінде 3-4 компаниядан.

Бүгінгі таңда Елордамыздың көпқабатты үйлерінде  4910 лифт бар. Астана қаласы әкімдігінің бақылауымен 1135 лифттің жұмысы тексерілген. Тексеру нысанына қызмет көрсету мерзімі 6 жыл мен 8 жыл аралығындағы лифттер іліккен. Бұл лифттерді  өндірушілер Белоруссия, Қытай, Түркия, Италии, Финляндия, Оңтүстік Корея және Өзбекстан елдері.

Тексеріс барысында көптеген олқылықтар анықталып, көрсетілген ақаулар жөнделді. Аудандарға шаққандағы олқылықтар саны: Сарыарқа ауданы – 199, Алматы ауданы – 65, Байқоңыр ауданы -52, Есіл ауданы – 38.

Жалпы, ұлттық стандартқа сай лифт қызметін пайдаланудың артықшылықтары туралы насихат жұмыстарын көбейту күн тәртібіндегі мәселе. Ұлттық стандарт дегенде біз ең бастысы, азаматтардың денсаулығы мен өмірінің сақтандырылуы, мүліктерге өтемақы төлеу және апатты жағдайларда келетін көмек қызметінің 30 минутта жетуі секілді көптеген басымдықтар жатқандығын ескеру керекпіз.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан лифтшілері» қауымдастығы «Атамекен» ҚР ҰКП мұрындық болуымен 2016 жылдың 19 қыркүйегінде құрылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер