«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Atameken Services: қостанайлық кәсіпкер жуу құралдары өндірісін қолға алды

2019 жылғы 29 Қаңтар
- Қостанай облысы
6929 просмотров

Стартапты ашуға керек несиені Владимир Доновский бірнеше ай бойы алуға талпынды, бірақ банктер керек қаражатты бермеді. Содан кейін «АТОМ-777» ЖШС директоры «Atameken Services» порталындағы «Несие агрегаторы» тегін қызметін пайдаланып көрді.

 Бұл бизнес-идея Владимир Доновскийде былтыр пайда болған. Кәсіпкер Қостанай үшін бірегей – машиналарға арналған жуу құралдары өндірісін қолға алды.

«Қостанайда мұндай бизнес түрі жоқ, көлік жуу бекеттері «химияны» сырттан тасымалдайды. Мен бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, жабдық қанша тұрады, рецептура қандай екенін есептеп шығардым, бизнес-жоспар құрдым. Бұл тиімді кәсіп – нарық бос, баға саясаты әлеуеттік тапсырыс берушілердің көңілінен шығып отыр. Қазіргі таңда бірнеше көлік жуу бекеті иелерімен алдын ала келісімдер бар», – деді Владимир Доновский.

Жоба құны – шамамен 10 млн теңге. Кәсіпкер бірнеше банктен несие алуға шешім қабылдады, бірақ іс өңбеді. Сол уақытта ол Кәсіпкерлерге қызмет көсрету орталығына келді.

 «Кеңседен шықпай, бірден бірнеше банкке өтінім жіберуге болады екен. Осындай мүмкіндікті «Atameken Services» порталындағы «Несие агрегаторы» беріп отыр. Осындай нәтиже болатынын күтпеген ем. Өтінім бергеннен кейін келесі күні маған бірден екі банктен хабарласты», – деді кәсіпкер.

 Владимир Доновский су жаңа кәсібін екі айдан соң ашуды көздеп отыр.

 «Atameken Services» –  кәсіпкерлерге арналған алпыстан астам пайдалы әрі тегін қызмет. Мәселе туралы хабарлау, несие алуға өтінім беру, кәсіпкерлік негіздерін оқу және дайын бизнес-жоспарды алуға үйден шықпай тапсырыс беруге болады. Ол үшін services.atameken.kz-те қарапайым тіркеу процедурасынан өту жеткілікті.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер