«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанай облысында қоқыс полигондары жабылып жатыр

2019 жылғы 25 Қаңтар
- Қостанай облысы
8143 просмотров

Тарифтерді бекіту бойынша әурешілік, заңсыз күресіндер және қоқысты бөліп жинау – осы мәселелердің барлығын Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында тұрмыстық қалдықтар полигондарының иелері талқылады. Жағымды жаңалық та бар: Қостанай облысында алғашқы қоқыс өңдеу зауыты ашылды

«Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша экологиялық заңнаманың мәселелері үнемі назарымызда. Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының бірқатар бастамалары ҚР Үкіметі тарапынан қолдау тапқанын атап өткен жөн. Осылайша 2021 жылы полигондарда тамақ қалдықтары және құрылыс материалдарын көмуге тыйым салынды», – деді ӨКП директоры Мұрат Әбенов.

2019 жылы Экологиялық кодекспен тұрмыстық қалдықтар полигондар иелерінің қызметіне бірнеше айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Полигондардың жұмысы – қоқысты бөліп жинау және сұрыптай бойынша екі басты принципке негізделуі керек.

 ҚР Экологиялық кодексінің 301-бабы талаптарына сәйкес 2019 жыл 1 қаңтарда қалдықтардың келесі түрі: пластмасса, пластик, макулатура, картон және қағаз, сонымен қатар шыны сынығын көмуге қабылдауға тыйым салынды. Қазіргі таңда полигондардың басым бөлігі қоқыстарды бөліп жинау және сұрыптаумен айналыспайды. Қалдықтарды экологиялық таза тұрғыда жинау жүйесін құруға жергілікті атқарушы органдарға 3 жыл берілген еді, бірақ жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Қалдықтарды бөліп жинау ішінара Қостанай, Рудный, Жетіқара, Арқалық қалаларында жұмыс істеп жатыр», – деді Қостанай облысы бойынша Экология департаментінің жетекшісі Виктор Мұхамеджанов.

 Осы ретте «S.M.F- System» тоқылмаған материалдар фабрикасы» ЖШС және «Асртон-қағаз комбинаты» ЖШС сынды кәсіпорындар арқылы қалдықтарды сұрыптап жинауға деген қажеттілік артып келеді. Олар пластик, қағаз, резіңке, техникалық майларды өңдеп,10 түрлі өнім шығарады. Нәтижесінде бұрын тау болып үйлген қалдықтар бүгін геотекстиль, холофайбер, синтепон, полиэтилен құбырлар, кофроқаптама, резіңке ұнтағына айналуда. Кәсіпорындар шикізатты қабылдауға дайын, бірақ «таза» түрін ғана, қазір өңірде қалдықтарды сұрыптап жинау жолға қойылмаған.

 «Қазіргі таңда  тұрмыстық қалдықтарды жинайтын 306 полигонның ішінде жерді пайдалану құқығын рәсімдеумен және мемлекеттік тіркеу актілермен әділет органдарында нақты заңды және жеке тұлғалар атында 237 полигон бар, екеуі рәсімделу үстінде. Аудандар арасында полигондар иесіз, бизнес үшін тиімді болмай қалды», – деді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы бастығының орынбасары Самат Қалиев.

 Ресми жұмыс істейтін полигондардың болмауы себепті, заңсыз қоқыс алаңдары пайда болып жатыр. 2018 жылы облыста осындай 350 қоқыс үйіндісі болды. 150 қоқыс алаңы жойылды, қалғаны әлі күнге дейін елдімекендер жанында жиналмай жатыр.  

Тұрмыстық қалдықтар полигондарды жою қорларына ақша жинау бойынша мәселе өзекті. Бұл қаражатты кәсіпкер банк шотына салып жатыр, кейін тұрмыстық қалдық полигоны жабылған соң, ондағы  топырақ құнарлығын қалпына келтіруге жұмсайтын болады. Әзірге түсімдер аз.

 Бірақ ауылдық жердегі полигондарға қатысты сұрақ көп.

«Қазір бізге қоқысты бөліп жинау және сұрыптап жинауды ұйымдастыру керек. Ауылдық жерде қоқыстық өзіндік морфологиялық құрамы бар – көн, құрылыс материалдары, күл, шыны сынығы. Бұл бірінші кезекте. Екінші сұрақ, қоқысты бөліп жинауға арналған контейнерлерді орналастыру. Ол үшін бізге 100 алаң керек, және бәріне жерді рәсімдеу керек. Бұл уақыт пен қаражатты талап ететін жұмыс», –деді «Жаркөл» ЖШС директоры Ринат Алтынбеков.

 Мұндай тағы бір мәселе туындайды – өтемділік. Егер көпқабатты үйге қоқысты бөліп жинау тиімді болса (мұны Қостанайда қоқыс жинайтын «Атамекен 4 +» ЖШС директоры жетекшісі растап отыр), ауылдық жерде – екіталай.

 «Кәсіпкерлер үшін құжаттарды рәсімдеу процедурасын жеңілдетуді ұсынамын. Осы жұмысқа жергілікті атқарушы органдар атсалысуы керек», – деді Қостанай ӨКП директоры Мұрат Әбенов.

 Октябрь ауылында қоқыс полигонын мүлдем жауып тастады. «Горизонт» ЖШС өкілінің айтуынша ауыл тұрғындары кәсіпорындармен келісімшартқа отырып, қызметіне ақша төлеуден бас тартуда. Әрине, ауыл тұрғындарын әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады, бірақ жиында ауыл округтеріне көшпелі кездесулер өткізу шешілді. Бұл кездесулер барысында шенеуніктер Қостанай облысы ҚКП қызметкерлерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.

 Үлгілі мысал ретінде S.M.F- System» тоқылмаған материалдар фабрикасы» ЖШС және «Руслана и З» ЖШС жұмысын айтуға болады. Бұл кәсіпорындар жақында құны 300 млн теңге тұратын жылына 40 000  тонна қалдықты өңдей алатын қоқыстарды өңдеу тізбегін іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету және сұрыпталған қоқыстан қайталама шикізат алу. Кәсіпорында 49 адам жұмыс істеп жатыр. «Тазалық-2012» ЖШС басшысы Сергей Брызгалов тағы бір қоқыс өңдеу тізбегін ашатыны жайында хабарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер