«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Темекі, алкоголь және фаст-фудқа жасалмақ шектеу бизнеске қалай әсер етеді

2019 жылғы 23 Қаңтар
4112 просмотров

Фаст-фуд және басқа да зиян тамақ өнімдері жарнамасына тыйым салу, сонымен қатар темекі өнімдерін сөреге қою, темекі саудасын  білім беру мекемелерінен алшақ жерде жүргізу мәселелері «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа Кодекс жобасын қарау бойынша қоғамдық тыңдау барысында көтерілді

Жаңа Кодексті талқылау бизнес және мемлекеттік сектор өкілдері, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі, Мәжіліс депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысуымен өтті. Кездесудің негізгі күні тәртібі темекі және алкоголь өнімдерін өндіретін компаниялардың акцизді салығының жалпы көлемінен аударымдар бекітумен Денсаулық қорын құру, сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің түйткілді мәселелеріне арналды.

Пікірталас саудадағы сатылымдарды шектеу – құрамында шамадан тыс тұз, қант және транс майлар бар өнімдер жарнамсына тыйым салу, сонымен қатар темекі өнімдерін сөреге қойып сатуға тыйым мәселесінен басталды.  

 «Қазақстан халқының денсаулығын тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша  Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы бар, алайда әр жаңашылдық мемлекет, бизнес және тұтынушы арасында теңгерімді ұстануы керектігі бізді алаңдатады. Кодекстегі біржақты қатаң шектеулер көлеңкелі бизнес пен жемқорлық өсуіне әкеп соғуы мүмкін», – деді «ҚазАлкоТемекі» Қазақстанның алкоголь  өнімдерін адал өндірушілер мен сатушылар қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев.

Ең қызу талқы білім беретін мекемелердің радиусында темекі сатуға болмайтын 100 метрлік аймақты енгізу, сонымен қатар темекі өнімдерін ауданы 10 шаршы метрден кем сауда нүктелерінде сатуға тыйым салуға қатысты өрбіді. Бизнестің пікірінше, бұл шектеу «қолжетімді» форматтағы  мыңдаған дүкеннің банкроттығына әкеліп соғады, бұл сауда нүктелер табысының 30-40%-ы темекі өнімедерін өткізуден түседі.  Кәсіпкерлер тура осындай норма алкоголь өнімдеріне енгізілгені, бірақ сыбайлас жемқорлық қатерлер салдарынан алынып тасталғанын айтты.

  «Зиянды» өнімдер жарнамасына қатысты кәсіпкерлерде бұл «зияндықтар» қалай анықталатыны жайында сауал туындады.

 «Тұжырымдама әзірге жалпылама жазылды. Бұл «алкоголь, темекі өнімдері, фаст-фуд жарнамасына тыйым, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды қолдайтын заңдар, тамақтану мәдениетін жетілдіру мен тамақ өнімдерін таңбалауды қолдайтын салық заңнамасы. Меңінше, тұжырымды тұрғыда дұрыс құрылымдалған, детальдардың керегі жоқ. Егер салық заңнамасы зиянды өнімдерге жасалса, ол қалай болады, салық қалай салынады, «зиян өнімдер» деген не сынды сауалдар туындайды.  Мұнда ұзаққа созылатын талқылауға негіз көп», – деді «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахим Ошақбаев.

 Өз кезегінде ҚР Денсаулық министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқат Сәдуақасов жаңа Кодекс құрылымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары мен нормаларын есепке ала отырып жасалғанын және министрлік барлық алаңдардағы кездесулер барысында туындаған мәселелерді талқылауға дайын екенін жеткізді.

«Сыбайлас жемқорлықты тудыратын нормаларды құрғымыз келмейді. Байқасаңыздар тиімділік көрсетпеген нормаларды және кедергілерді алып тастап жатырмыз», – деді Нұрқат Сәдуақасов.

Сонымен қатар Кодекс шеңберінде  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алкоголь мен темекі өнімдерін шығаратын компанияларды Денсаулық қорына акциз ставкасынан 2%-ды төлем жасатуды ұсынып отыр. Қор саламатты өмір салтын насихаттаумен айналысатыны айтылды.

 Қазақстандағы акциз ставкасының айтарлықтай мөлшерін есепке ала отырып, алдын ала болжам бойынша Денсаулық қорына жыл сайынғы төлемдер көлемі 5-6 млрд теңгені құрайтын болады.

 Бизнес-қоғамдастық өз тарапынан министрлікке алдымен Қор жұмысының тиімділігін көрсетіп, содан кейін аталған құрылымды енгізуді ұсынды.

 «Бизнес жасалып үлгерген жұмыстарды бағалай алуы үшін басқаша жолмен келу керек. Содан кейін Қорға жиналмақ қаражатты қандай тәсілдермен жұмсағалы жатқандарыңыз туралы айту керек. Сонда бизнесте сұрақ болмайды. Кәсіпкерлер тиімділікті көрген кезде, осы жұмысқа біреу демеушілік жасауға ниет білдіруі де мүмкін», – деп қорытындылады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер