«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекет қажеттілігіне өткен жер учаскесі үшін жер иесіне учаскенің нарықтық құны төленеді

2019 жылғы 22 Қаңтар
6279 просмотров

Күні кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған Заңды ҚР Әділет министрлігі әзірлеген болатын.

Заң жобасы мазмұнды, Заңның жеке мүлік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған негізгі тұжырымдамасымен қоса қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, судьяларға түсетін сот ауыртпалығын оңтайландыру  мәселелері қаралған.

 Барлығын ретімен айтсақ. Жер учаскелері иелерінің арасындағы түйткілді мәселелердің бірі шешілді – енді мемлекеттік мақсаттарға жер учаскесін күштеп тартып алу кезінде жер иесіне жердің нарықтық құны төленетін болады. Мемлекеттік қажеттіліктерін арналған жер учаскелерін тартып алу процедурасының өзі жер учаскесі иесі пайдасына қайта қаралған.

Банк саласында кепілді мүлікті кепілдік беруші өздігінен жүзеге асыруы құқығы қарастырылады.

 Қылмыстық заңнаманы жетілдіру саласында заттай тәркілеумен байланысты мәселелер шешілді, яғни сот жазалауды мүлікті тәркілец түрінде тағайындаса үкімде тәркілеуге қандай мүлік жататынын белгілейді.

Мемлекет басшысының жолдауында экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге қатысты тапсырмасын  орындау мақсатында салықтық бұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын ірі зияндықтың шекті мәндері – бұзышылықтарды жасағандары үшін әкімшілік айыппұлдарды арттырумен 50 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Соттық ауыртпалықты азайту мақсатында соттан прокуратураға сот орындаушылардың бірқатар қаулыларын санкциялау қызметі берілді. Осы ретте сот азаматтардың конституциялық құқықтарына қатысты қаулыларды – Республика ауқымынан шығуды шектеу және сот орындаушысына келуден жалтартқан адамдарды әкелуді өзіне қалдырады.

Орындаушылық жазу тәртібінде даусыз талапатарды орындауды нотариустерге беру бойынша үлкен жұмыс атқарылды, бұл шара даусыз талаптарды бойынша істерді қарау мерзімдерін қысқартады. Аталған жағдайда нотарияттық куәлікке негізделген мәмілелер, коммуналдық төлемдер және де басқа да келісімшарттар бойынша даусыз талаптар туралы айтылып отыр.

 

 Бұдан бөлек соттың оңтайландырылған жазбаша өндірісіндегі азаматтық істердің бірқатар категориясы бұйрықтық өндіріске өтті. Бұл шара да олардың қарау жеделдігін арттырмақ. Негізінен бұл дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібінде жасалған келісімді орындау бойынша талаптар.

 Төрелік заңнаманы жетілдіру саласында тек қана қосылу туралы келісімдерде ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғаларға заңдылықтың жеткіліксіздігі себебінен басқа келісімдерде (мысалы, несиелік немесе қызмет көрсету) келісім жасалды, онда белгілі бір арбитражда дауды міндетті түрде қарастыру көзделген келісімшарт ілінген болатын. Осындай жағдайда жеке тұлға-тұтынушы  дау туған уақытта сотқа немесе басқа арбитражға жүгіну құқығынан айырылған болатын. Осылайша қабылданған Заңда Төрелік туралы норма қарастырылған, оған сәйкес  коммерциялық ұйым мен жеке кәсіпкер емес жеке тұлға арасында қарыз келісімшарты бойынша дауды шешу туралы төрелік келісім, егер осындай келісім талап арызды беруге дейін негіздеменің болуына дейін жасалған болса, жарамды.  

 Заңның мәтінімен «Атамекен» сайтының «Бизнес және Заң» бөлімінде  ресми жарияланғаннан кейін таныса аласыздар.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер