«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық өнім импорттық өнімдерге қарағанда арзан - Иван Сауэр

2014 жылғы 08 Сәуір
4762 просмотров

Қазақстанда шығарылған тауарлар импорттық тауарларға қарағанда арзан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік комитетінің төрағасы Иван Сауэр мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Отандық азық-түлік тауарларының бағасы теңге девальвациясынан кейін импорттық тауарлармен қатар қымбаттағанын айтатындар көп. Бірақ олай емес екенін айтқым келеді. Егер сауда орындарына барсаңыздар, 100 пайыздық шикізаттан тұратын отандық өнім - «Зенченко и К» ШҚ, «Ижевский» ӨК, «Астана-Өнiм» АҚ, «Родина» агрофирмасының сүт өнімдерін айтам, -  бәрі де импорттық тауарлардан, импорттық құрғақ майсыздандырылған сүтпен айналысатын отандық өнімдердің бағасына қарағанда арзан, - деді ол.

Бүгін сіздер мұнда импорттық шикізатқа бағдарланған, бағаны көтеретін бизнес құрылымдарын шақырсаңыздар, олар бізбен мүлдем келіспейді. Бизнес-құрылымның ағысы сан алуан. Мен келіспейтін жағдайларды біреулер қалыпты деп санауы да мүмкін. Ал, сонымен бірге біздің елде де сүтті сүт, құрғақ сүтті құрғақ сүт деп ажырататын болды. Бұл үшін тіпті Мемлекет басшысына дейін баруға тура келді», - деді И. Сауэр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер