ЕАЭО өнеркәсіптік кооперация жобаларын жүзеге асыруға Қазақстаннан 10-ға жуық компания қатысады
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның жетекшілігімен ЕАЭО-ның өнеркәсіптік кооперациясы бойынша жобалық кеңсе отырысы өтті. Қатысушыларға Еуразиялық өнеркәсіптік кооперациясы, субконтрактация және технологиялар трансфертін құру туралы Еуразиялық Экономикалық комиссияның жобасы таныстырылды.
Жобаның негізгі идеясы – қатысушылар арасында серіктестер мен жеткізушілерді іздестіруді жеңілдету, субконтрактация және технологиялар трансферті мақсатында ЕАЭО аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың өнеркәсіптік ынтымақтастығын қолдау үшін процестер мен құралдарды құру,
2017 жылы ресейлік сегментте Еуразяиылқ желінің прототипі – өнеркәсіптің мемлекеттік ақпараттық жүйесі құрылды, ол кәсіпорындар кооперациясына қажетті электронды алаңдар мен витриналардан тұрады. Өткен жыл ішінде өнеркәсіптің мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жалпы сомасы 2,3 трлн рубль көлемінде транзакция жасалды. 2019 жылдан жобаны құрушылар оны ЕАЭО шеңберінде жүзеге асырмақ. Іске қосу пилоттық және өнеркәсіптік қолданыс болып екі кезеңнен тұрады.
«Жоба әзірлеушілері Одақ мемлекеттерінің барлық кәсіпорындары цифрландырудан өтіп, Өнеркәсіп атласына енгізіледі деп жоспарлауда. Атлас арқылы серіктестерді табу және кластерлі тәсіл, логистикалық тізбек, сондай-ақ ЕАЭО кеңістігінде кәсіпорындардың өзара қатынасының басқа да әдістерін жүзеге асыруға болады», – деді Юлия Якупбаева.
Өз кезегінде Қазқастан ІТ-компанияларының қауымдастығы жобаның техникалық тұрғыда іске асуы мен жүйенің жұмыс істеуіне қатысты сауалдар қойды. Ұлттық және ұлт деңгейіндегі сегменттегі сұрақтар, шаруашылық құрушы субъектілердің платформа жұмысына қатысу шарттарына қатысты сұрақтар қойылды.
Юлия Якупбаева қазақстандық бизнесті ЕАЭО өнеркәсіптің кооперациясы шеңберінде ЕЭК-тің іс-шараларына белсенді қатысуға шақырды. Қазіргі таңда бұл іс-шараларға Қазақстанның небәрі 4 кәсіпорны жұмылдырылған.
Сонымен қатар кездесу барысында өнеркәсіптік кооперация шеңберінде «Атамекен» ҚР ҰКП теміржол көлігіне арналған өнеркәсіптік өнім өндірісі саласында сараптамалық топтың жиындарында белсенді қатысатыны хабарланды. Теміржол көлігіне арналған өнеркәсіптік өнім өндірісі саласында бірлескен кооперациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу үшін 8 отандық компанияның («С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Запчать» АҚ, «Блок» ЖШС, «Изолит» ЖШС, «Вагонсалушызауыт» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС) тізімі жіберілді. Бұл компаниялар кәсіпорындардың бірыңғай тізбесіне енгізілген. кәсіпорындардың тізбесі туралы ақпарат ЕЭК сайтында жарияланған http://www.eurasiancommission.org.
Сараптамалық топ алаңында тараптар болат дөңгелектерді өндірушілер мен тұтынушылар арасында ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасау сонымен қатар мүше мемлекеттер кәсіпорындарының теміржол машина жасау саласында ресейлік импортты алмастыратын жобаларға қатысу мүмкіндігі туралы ұсыныстарын қарастыруға қызығушылық таныту мәселелері талқылануда.
Қазіргі таңда теміржол көлігіне арналған өнеркәсіптік өнім өндірісі саласында бірлескен кооперациялық жобаларды жүзеге асыруға ЕАЭО-ның 4 мемлекеті (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы) қатысып жатыр.
Бұдан бөлек жиынға қатысушыларға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Татарстан Республикасының Машина жасау кластері ЕАЭО өнеркәсіптік кооперациясы шеңберінде ірі компаниялар, шағын және орта бизнес, инжиниринг орталықтары, сынақ зертханалары, сертификаттау органдары қатысуымен innokam субконтрактация порталын дамытуға жәрдемдесу және қолдау көрсету бойынша ұсыныс жасағаны туралы ақпарат берілді. innokam субконтрактация порталы туралы толық ақпаратты innokam.pro сайтынан алуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: