«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда ДСҰ шеңберінде Алып қоюлар тізбесі кеңейтілді

2019 жылғы 15 Қаңтар
3604 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті 2019 жылдың 5 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының ДСҰ-дағы міндеттемелеріне сәйкес «Төмендетілген кедендік баждар қолданылатын кедендік әкелу баждары қолданылатын тауарлардың тізбесін, ставкалардың мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 58 бұйрығына енгізілген өзгерістер күшіне енгенін хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі ретінде бірқатар тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының ставкаларын төмендетуге арналған  міндеттемелерді өз мойнына алды.

2019 жылға ЕЭО-ның жаңа тауар номенклатурасына сәйкес алып қоюлар тізімі 2916 позицияны құрады ( тізім қоса беріліп отыр).

Өз кезегінде, ДЭИ ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелермен қатар, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы ретінде алып қоюлар тізбесіне енгізілген тауарлардың қадағалануын, сондай-ақ төмендетілген ставкалар негізінде әкелінген тауарларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге жол бермеуін қамтамасыз етуі тиіс екендігін еске салады.

Осыған байланысты,  ҰКП кәсіпкерлерден ҚР-на тауарларды  әкелу кезінде, егер тауар тек Қазақстан аумағында пайдаланылатын болса, ДСҰ ставкасымен тауарды кеденнен өткізу мүмкіндігін ескеруді сұрайды.

Тауарды кейінірек Қазақстан аумағынан Одаққа мүше мемлекеттерге кейіннен әкетуге жоспарланған жағдайда, оны Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелеріне сүйеніп кедендік тазартуды жүргізу қажет. Бұл ретте, ЕЭО БКТ ставкасы бойынша тауарға ілеспе құжаттың болуы ҚР аумағына әкелінген тауарларды тізбеден шығарудың міндетті шарты.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасында көзделген ресімдеу екі тауарға ілеспе құжаттарды жүзеге асыру кезінде өзара сауда шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ –кедендік декларация мен оның электрондық шот-фактурасын рәсімдеу қарастырылған.

Сонымен қатар, келесі жағдайларда отандық кәсіпкерлердің қолында тауарларды өткізуді жүзеге асыратын Алып қоюлар тізбесіне енгізілген тауарлардың ілеспе құжаттарының болуы қажет екендігін еске саламыз:

- бұрынырақ үшінші елдердің аумағынан әкелінген Тізбеге енгізілген тауарларды өткізу кезінде;

-ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстанға әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізу кезінде;

- Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды сату кезінде;

-осындай тауарды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету кезінде.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне 8 (7172) 919 373 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер