Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормалары төмендетілді
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормалары айтарлықтай төмендетілді.
Енді кедендік баждарды, салықтарды төлемей, құны 500 евродан аспайтын және (немесе) салмағы 25 кг аспайтын автомобиль, темір жол, су көлігімен немесе жаяу тәртіппен жеке пайдалануға арналған тауарларды (ЖПТ) әкелуге болады.
Өзгерістер туралы толығырақ: http://adilet.zan.kz
Біздің анықтама: 2019 жылға дейін бұл норма 1 500 еуро және 50 кг құрады.
Әуе көлігі үшін ЖПТ бажсыз әкелу нормалары бұрынғы деңгейде қалды: 10 000 еуро және 50 кг.
Бажсыз әкелу нормаларын жыл сайын төмендету халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілетін және тасымалдаушы одақтың кедендік аумағына жеткізетін ЖПТ үшін көзделген:
Халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілетін ЖПТ үшін:
2019 жылға-бір жеке тұлғаның атына 1 күнтізбелік ай ішінде құны 500 евродан аспауы және (немесе) брутто салмағы 31 кг аспауы керек;
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап-құны 200 евродан аспауы және (немесе) брутто салмағы 31 кг аспауы керек.
Тасымалдаушы одақтың кедендік аумағына жеткізетін ЖПТ үшін:
2019 жылға-бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде құны 500 евродан аспауы және (немесе) салмағы 31 кг аспауы керек;
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап-құны 200 евродан аспауы және (немесе) салмағы 31 кг аспауы керек.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 91 шешімімен өзгерістер енгізілген.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: