«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жоғарғы Сот судьялары кеден заңнамасын зерделеуде

2019 жылғы 11 Қаңтар
3420 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Жоғарғы Сотының судьялар корпусына кеден заңнамасы бойынша семинар-тренингтен өту туралы сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті. Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының тапсырысы бойынша тренингті «Dasco Consulting Group» ЖШС мамандары өткізді.

2,5 ай ішінде теориялық дәрістер кезінде кейстер мен кедендік реттеудің өзекті мәселелері қарастырылды,олар бойынша сот даулары жиі туындайды. Атап айтқанда, кедендік құн, тауарларды жіктеу, тарифтік емес реттеу, кедендік тексерулер жүргізу, кедендік декларациялау және бақылау ерекшеліктері мәселелері.

«Біз үшін бірлескен жұмыстың нақты нәтижелерін көру үлкен құрмет. Жол картасын іске асыру аясында 2018 жылы біз салық салу, кедендік әкімшілендіру бойынша семинарлар өткіздік. 15 қазаннан бастап біздің әріптестеріміз теорияны оқытумен қоса Жоғарғы соттың судьяларымен практикалық кейстерді талқылады. Біліктілік жетілдіру курсы жақсы өтті, дәріс барысында дау-жанжалдарды талқылау болғанын білемін. Ұлттық палата семинар-тренингке қатысушыларға тыңдауларды өткізуге және тәжірибелік тренингтерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді. Биылғы жылы «Атамекен» мамандандырылған облыстық соттар үшін семинарлар өткізуге дайын», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.  

Қазіргі таңда қарқынды өзгеретін заңнама, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кеден кодексі мен кедендік реттеу саласындағы бірқатар нормативтік актілер білім мен дағдыларды жетілдіруді талап етеді.

«Ұлттық палатаға алғыс білдіргім келеді, оның бастамасымен осындай семинарлар өткізілді, - деді ҚР Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева. Практикалық материалдар, сот практикасының материалдары өте қызықты болды. Бүгін біз талқылаулардың нәтижесі бойынша кейбір шешімдерді қайта қарадық.  Біз үнемі дамып, теориялық тұрғыдан алға жылжуымыз қажет.»

 

Семинарға қатысушылар мұндай оқытудың дер уақтында өткенін, пайдалылығын, сондай-ақ бәсекелестік, экологиялық заңнама, жер қойнауын пайдаланушылар жұмысының ерекшеліктері мәселелері бойынша осындай семинарларды өткізу туралы тілек білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер