«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес бизнеске даулы жер мәселелерін шешіп берді

2019 жылғы 11 Қаңтар
- Атырау облысы
5309 просмотров

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша 2018 жылы түскен өтінімдердің басым бөлігі жер учаскелерін алу мен рәсімдеуге қатысты болды. Нәтижесінде оң шешім арқылы кәсіпкерлер жерін сақтап, жеке бизнестерін дамыта алды

Өткен жыл ішінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша кәсіпкерлерден 165 жазбаша өтінім түсті, оның ішінде 80-і кәсіпкерлер пайдасына шешілді.

 Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаевтың айтуынша, түскен өтінімдердің құрылымы жер, салықтық әкімшіліктендіру, табиғи монополиялар, бизнес субъектілері арасындағы азаматтық-құқықтық сұрақтар, сонымен қатар қаржы секторына қатысты мәселелер. Жүргізілген жұмыс арқылы кәсіпкерлердің қорғалған мүліктік құқығы 310 млн теңгені құрады.

«Ең өзекті деген мәселелер, атап айтқанда  жер қатынастары Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің қарауына жіберілді. Былтыр 10 отырыс өтті, 16 жүйелі және жеке мәселе қаралды, басым бөлігі оң шешілді. Мысалы, «Жақсылықов» жеке кәсіпкерлігі қалалық жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің заңға қайшы әрекетіне шағымданды, олар бөлінетін жер учаскесін бөлуге рұқсат бермеген. Құқытық сараптама және ӨКП қолданған шаралар нәтижесінде кәсіпкер жергілкті атқарушы органдардың оң шешімін алды. Тура осылай «Потенциал Ойл» ЖШС-ның  кең таралған пайдалы қазбаларды игеру үшін жер учаскелерін беру кезінде заң талаптарын бұзумен байланысты өтінімін қарау нәтижесінде Кәсіпкерлер палатасы осы мәселені оң шеше алды. Осыған дейін инвестор 9 ай ішінде жергілікті атқарушы органдардан кен орнын дайындауға рұқсат ала алмаған. Мұндай фактілер аз емес», – деді Сәрсенбай Жолдыбаев.

 Жалпы алғанда Кеңестің ұсыныстары нәтижесінде 2018 жылы кәсіпкерлердің түрлі деңгейде құқықтарын бұзғандары үшін тәртіптік жауапкершілікке 3 өкілетті тұлға, әкімшілік тәртіпке 2 өкілетті тұлға тартылды.

Айта кетелік, егер соттық тәртіпте шешуді талап ететін күрделі даулы мәселелер болса Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары құқықтық қолдау мен сотта сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Атап айтқанда былтыр 20 шақты процестік сот құжаттары дайындалды, Палаты заңгерлері 10 сот отырысына қатысып, оның ішінде 5 іс кәсіпкерлер пайдасына шешілді.

Бұдан бөлек 2018 жылы Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының құқықтық бөліміне жергілікті атқарушы органдардың 139 нормативтік-құқықтық актісі келіп түсті. Палатаның барлық ескертпелері мен ұсыныстары нормативтік-құқықтық акітелерге ары қарай енгізілу бойынша толық есепке алынды.

 Өткен жылдың тағы бір айтулы жетістігі атыраулық кәсіпкерлер үшін электр энергиясына 100 пайыздық алдын ала төлем жасау алынып тасталды. Бұл жетістік Атырау қаласы ӨКП мен прокуратураның бірлескен жұмысы нәтижесінде орындалды.

 Атырау облысында шағын және орта кәсіпкерлікті тексеру айтарлықтай азайды. Облыстық прокуратураның ақпаратына сәйкес 2017 жылы бизнес субъектілері арасында 5600 тексеру жүргізілсе, 2018 жылы небәрі 1046 жүргізілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер