«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында кәсіпкерлердің салық мәселелері бойынша 65 млн теңге көлемінде мүдделері қорғалды

2019 жылғы 08 Қаңтар
- Жетісу облысы
6192 просмотров

Бұл туралы Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Санат Түсіпов хабарлады. 2018 жылы салықтық қатынастар мәселелері бойынша 110-нан астам өтінім келіп түскен

 Мәселен, «Я Лан Ган Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өтінімі оң шешілді. Бұған дейін Мемлекеттік кірістер басқармасы  компанияға 2017 жылға дейін 151,2 млн теңге сомасында кірістерді ұлғайту туралы хабарландыру жасап, оларды жасырын кірістер деп таныды.

 Компания Алматы облысы кәсіпкерлер палатасына өтінім жасаған соң «Я Лан Ган Су» ЖШС бухгалетр мамандарымен бірлесіп, қажетті құжаттарды беру арқылы басқармамен жұмыс кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында 151,2 млн теңге – өнім өндірісін төмендету салдарынан пайда болған 2016 жыл және 2017 жылдың арасындағы салыстырмалы жылдық кіріс айырмашылығы екені анықталды.  Мемлекеттік кірістер басқармасы ЖШС берген құжаттарға және келтірілген дәйектерге тексеру жүргізді, нәтижесінде хабарламаны алып тастау туралы қорытынды жасалды.

  Сонымен қатар 2018 жылы Еңбекшіқазақ ауданында «Экстремал Спорт-туризм» ЖШС мен Жер қатынастары бөлімі арасындағы дау шешілген болатын.  Мемлекеттік орган жерге 17,3 млн теңге көлемінде салық салған. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан болған қолдау, сондай-ақ, бірлескен кездесулер, инвестициялық жобаны растайтын құжаттар беріліп, Салық кодексі бойынша жеңілдіктер көрсетілген соң тағайындалған салық алынып тасталды. Осылайша салынған соманы төлеу қажеттілігі жойылды.

Нәтижесінде 2018 жыл ішінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің салықтар бойынша мүддесін 65,6 млн теңге көлемінде қорғады.

 «Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекеннің» стратегиялық серікстерінің бірі. Департаменттің басшылығы мен мамандарының белсенді атсалысуын ерекше атап өткен жөн. Олар кәсіпкерлерге қол ұшын созуға дайын әрі орын алған мәселені тез шешуге ынталы. Бірлескен түсіндіру жұмыстар Бухгалтерлер клубы және «Салық қызметкері сағаты» жобасы шеңберінде жүргізіледі», – деді ӨКП сарапшысы Санат Түсіпов.

 Өткен жылы Алматы облысы Бухгалтерлер клубының 9 отырысы өтті, онда Мемлекеттік кірістер департаменті, Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және «Жетісу» автоматтандыру орталығының қатысуымен 30-дан астам мәселе қаралды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер