Қостанайлық зейнеткер сотта жеңіп шықты
Қостанайлық зейнеткер Зоя Ким салық қызметкерлерінің қателігі салдарынан мемлекетке 1,5 млн теңге қарыз болып қалды. Дау бірнеше жылға созылды, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшылары араласуымен ғана сот шешімін әйелдің пайдасына шешті
10 жыл бұрын Зоя Кимде шағын бизнесі – Балқаш қаласында дүкені болған. 2006 жылы ол Қостанайға көшіп, жеке кәсіпкерлікті жабуға шешім қабылдайды.
«Салық органына барлық құжаттарды тапсырып, көшіп кеттім. Өтініш жаздым, бизнесті жою бойынша тексеру жүргізілді, содан кейін мені ешкім мазаламады. Бірақ, 2014 жылы төбеден жай түскендей болды. Маған 2006 жылы 914-формада есеп тапсырмады, ал жеке кәсіпкерлік әлі де ашық тұр деген хабарлама келеді. Мен осы жылдар бойынша есепті қайтадан тапсырдым, ол үшін Балқаш қаласыныың салық органдарына бірнеше рет баруға тура келді. 2017 жылы маған: «Жеке кәсіпкерлікті жаба алмаймыз, өйткені лицензия тапсырылмаған» деп айтты», – деді кәсіпкер.
Осының салдарынан кәсіпкерді уақытында тіркеуден алмады, оның факті бойынша жоқ бизнесі қарыз бен өсімпұлды өсіріп алды. Тағы бір парадокс салық қызметкерлері кәсіпкерге алкогольді сусындарды сатқаны үшін лецензиялық алымды да санап қойған. Ал бұл алым түрі 2015 жылы ғана пайдалануға берілген. Осыған қарамастан қостанайлық сот салық органдары пайдасына шешім қабылдаған.
«Мен ештеңе жасалмағаныма налыдым. Осы кезде Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрадым. Осы жерде маған өтінімдер, хат толтыруға көмектесті. Нәтижесінде Қостанайдағы әкімшілік сот тағайындалған айыппұлдарды алып тастады, ал Балқаштағы сот – қарыздан құтылуға көмектесті», – деді кәсіпкер.
Сот шешімінде: «Егер кәсіпкер лицензиялық алымды енгізуге дейін тіркеуде болған болса, онда ол бұл лицензияны уақытында тапсырар еді. Балқаш қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің З.К.Кимнің алкогольді сусындарды бөлшек саудасы үшін лицензиялық алымды төлемегені себепті жеке кәсіпкерлігін жаба алмауы туралы дәйектері орынсыз» делінген.
Осыған байланысты сот салық қызметкерлерінің жеке кәсіпкерлікті тіркеуден заңды түрде босату бойынша әрекетсіздігін таныды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: