«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы БЭК елдерінің ортақ электр энергетика нарқы тұжырымдамасына жүргізілген сараптамалық талдауды талқылауға шақырады

2014 жылғы 03 Сәуір
9841 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР бизнес-қоғамдастығын «Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы елдердің ортақ электр энергетикасы және қуаттылық нарқын қалыптастыру модельдері мен тұжырымдамасы туралы» сараптамалық талдауды қарастыруға шақырады, деп хабарлайды Palata.kz

Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы елдердің ортақ қуаттылық және электр энергетикасы нарқын қалыптастыру моделі мен тұжырымдамасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасы аясында ортақ электр энергетика нарқын қалыптастыру қажеттілігі туралы келісімдер қорытындыысы бойынша әзірленуде. 

Еуразиялық экономикалық комиссиясының Мәскеуде өткен отырысында аталған құжатқа кіріспе талқылау жүргізілген болған. ҚР ҰКП өкілдері өз тарапынан аталған отырысқа қатысқан болатын. 

Қарастырылып отырған тұжырымдамада БЭК және Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетика нарқын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері мен ұйымдастыру және қызмет ету механизмдері, сондай-ақ кезеңдері мен талаптары көрсетіледі. Ортақ электр энергетикалық нарық моделі әзірленіп отырған тұжырымдаманың пікірталасқа салынатын аспектісі болып табылады. 

Сарапшыларға ортақ электр энергетикалық нарықын қалыптастырудың 3 нұсқасы ұсынылған. Сарапшылардың басым бөлігі елдердің электр энергетикалық салаларының қызмет етуі жағдайында үйлестірілген модуль арқылы спот-нарықтарды біріктіріп, ортақ ақпараттық ортаны қалыптастыру неғұрлым оңтайлы болады деген пікірді бөлісуде. 

Мұндай тәсіл нарық қатыцнастары мен адал бәсекелестікке негізделген мезанизмдерді қолдануға, БЭК және КО мүше мемлекеттердің энергетикалық қорын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұлттық электр энергетика нарықтарының ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік жасайды.    

Тұжырымдама жобасының келесі талқылануын ЕЭК электр энергетикасы жөніндегі консультациялық комитеттің сәуір айында өтетін отырысында қарастыру жоспарланған.  

ҚР ҰКП жоғарыда аталған тұжырымдама бойынша ұсыныстар мен пікірлеріңізді ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне e.batyrkhanov@palata.kz электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұрайды.  

Ортақ нарықты  қалыптастыру бойынша сараптамалық талдауды мына жерден таба аласыздар. 

«Біртұтас экономикалық кеңістік және Кедендік одаққа мүше мемлекеттеріндегі энергия ресурстарының индикативтік теңгерімін қалыптастыру әдіснамасын әзірлеу» тақырыбындағы презентацияны мына жерден таба аласыздар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер