«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҚР ҰКП тізіліміне енген қазақстандық өндірушілерге индустриялық сертификат беріледі

2019 жылғы 03 Қаңтар
5594 просмотров

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және өндірісті жүзеге асыратын отандық тауар өндірумен, жұмыс және қызмет көрсетушілер тізілімін қалыптастыруға кірісті.

Өндірушілер тізілімі электрондық жүйе арқылы ерікті негізде жасалады. Нәтижесінде тізілімге енгізілген кәсіпорындардың отандық өндіруші ретіндегі мәртебесін куәландыратын индустриялық сертификат ресімделеді.

Тізілімге енгізуге өтініш беру үшін сайтта тіркелу қажет https://doc24.kz/ жеке кабинетте өндірістің аумақтық орналасуына қарай өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтініш пен құжаттар пакетін тапсыру керек. Құжаттар тізбесімен http://atameken.kz / сайтындағы Сертификаттау бөлімінде танысуға болады.

Өндірушілерден жалпы ақпараттан басқа мәлімделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы мен жұмыс өнімділігін, қолданылатын жабдықтардың тізбесін, іс басындағы қызметкерлердің санын, өндіріс технологиясының сипаттамасы және Ұлттық палата Төралқасы бекіткен Ережелерге сәйкес өндіріс туралы басқа да мәліметтерді ұсыну талап етіледі.

Өндірушіні Тізілімге енгізу барысында Ұлттық палатада аккредиттелген салалық қауымдастық (одақ) сарапшысының қорытындысы негіздеме ретінде танылады.

Сондай-ақ, http://atameken.kz/  сайтындағы сертификаттау бөлімінен сарапшылар тізімімен де танысуға болады.

Ұлттық палатаның тізіліміне енгізу 9 жұмыс күні аралығында тегін жүргізіледі. Өндіруші Тізілімге ары қарай мерзімді ұзарту мүмкіндігімен 3 жылға енгізіледі. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімі Ұлттық палатаның интернет-ресурсында жарияланады.

Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» қорымен және Қордың әлеуетті жеткізушілерін алдын ала біліктілік іріктеуді жүргізу кезінде жалпы балл сомасының 20% қосымша ұсынумен индустриялық сертификатты қолдану туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан басқа, Ұлттық палата «Атамекен» Ұлттық палатасының отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген отандық өндірушілерге артықшылықтар мен преференциялар беру туралы квазимемлекеттіксектордағы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен мәселелерді пысықтайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер