«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Утилизациялау кодтары туралы мәселе шешімін тапты

2019 жылғы 03 Қаңтар
6483 просмотров

ҚР Энергетика министрлігі кейбір кодтар бойынша утилизациялау төлемін енгізу мәселесін  түсіндірді.

Солтүстікқазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын импорттаушы кез болған жағдайдың түйіні шешілді. 401190 кодымен белгіленген «шиналар мен өзге де пневматикалық резеңке шиналар» тауарын шығарған кәсіпкер Энергетика министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес утилизациялау төлемін төлеуі тиіс.

Даулы жағдайға себеп болған- импортталатын тауардың СЭҚ ТН коды.

Энергетика министрлігінің өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын тауарлардың (өнімдердің) ресми тізбесінде тауардың атауы бар, бірақ ескі, коды жаңартылмаған.

Бұл туралы уәкілетті орган ресми түрде 2018 жылғы 29 қарашадағы хатында мәлімдеді. Ал оған дейін 2018 жылдың 7 қарашасында қате хабарлама жолданған (нақ осы хабарлама кәсіпкерді жаңылыстырған). Уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы №101 шешіміне сілтеме жасай отырып, СЭҚ ТН ауысқаны туралы мәлімдейді:

«...жоғарыда көрсетілген шешіммен СЭҚ ТН-ның кейбір кодтары алынып тасталды және бір мезгілде ұқсас атаулары бар жаңалары енгізілді.

Осы бөлікте қазірге дейін тізбе жаңартылмаған және жоғарыда көрсетілген өзгерістермен сәйкес келтірілмегендіктен, бұл тізбе бекітілген Министрлік актілері мен СЭҚ ТН бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің актісі арасындағы құқық нормаларының қарама-қайшылықтарының болуына әкеліп соқты».

Уәкілетті орган өз түсіндірмесінде СЭҚ ТН 401170, 401190 кодтары және атауы Тізбеде көрсетілген өнімнің өзге де жаңартылған кодтарының утилизациялау төлемін енгізу қажеттігін таниды.

Осы жағдайға сай уәкілетті орган мынаны ұсынады:

«Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы №101 шешіміне сәйкес СЭҚ ТН кодтарын тізімде келтіргенге дейін халықаралық ұйымның көрсетілген шешімінің СЭҚ ТН кодтарын басшылыққа алу қажет».

Энергетика министрлігінің ресми ұстанымының өзгеруіне 2018 жылдың 22 қарашасында Жоғарғы Сот, Әділет министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің қорытындысы себеп болды. Олар қаралып отырған мәселенің материалдарын егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін жоғарыда көрсетілген қорытындыға бірлесіп келіп, уәкілетті органға кемшіліктерді түзетуге және тізбеге қажетті өзгерістер енгізуге ұсыныс жасаған.

«Агротрак» ЖК-мен болған жағдайға қатысты, сондай-ақ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің Операторы осы кәсіпкерді тізбедегі өзекті емес кодтармен жағдай бойынша ресми түрде хабардар еткендігі және бұл ретте өндірушілердің (импорттаушылардың) (ӨКМ) кеңейтілген міндеттемелері шеңберінде міндеттемелерді орындамау негіздерінің жоқтығы туралы анықталды. Бұл хат сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасына жіберілді.

Оператордың жұмысымен және оның ресми сайтымен танысу оң әсер етті: Оператордың Сайтында пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған, ӨКМ мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Энергетика министрлігі бекіткен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер (тауарлар) тізбесіне және ӨКМК-ны жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды ұйымдастыру үшін төлемді есептеу әдістемесіне сілтемелер бар., пайдалану және (немесе) утилизациялау тәртібі айқындалған.

Бүгінгі күні тұрақты негізде 500-ге жуық шина импорттаушылар ӨКМ атқарады, бұл осы өнімнің қалдықтарын қайта өңдеу саласында бизнесті дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік берді, оң динамика байқалуда.

2016 жылы оператор өңдеу кәсіпорындарына өңделген шиналарды өтеу тетігін енгізді. Бүгінгі таңда Қазақстанның түрлі өңірлерінде шиналарды жинау мен өңдеуді 22 кәсіпорын қамтамасыз етеді. Соңғы үш жылда аталған кәсіпорындар 50 мың тоннадан астам өңделген шиналар жиналып, өңделді.

Осы шикізат түрінен шығарылатын өнімнің ассортиментіне резеңке үгіндісі (әртүрлі фракциялар), техникалық бұйымдарды өндіруге арналған резеңке регенерат, спорттық жабындар, резеңке үгіндіден жасалған плитка, суаруға арналған шлангілер, пеш отыны, техникалық көміртек және т. б. кіреді.

Оператор Қазақстан үшін жаңа ӨКМ институтын толыққанды енгізу мәселелеріне алаңдаулы, Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен ашық және белсенді ынтымақтастық орнатқан: ҰКП алаңында тұрақты негізде ӨКМ шеңберінде барлық маңызды мәселелерді, оның ішінде бизнес-қоғамдастық – импорттаушылардың, өндірушілердің, қайта өңдеу саласының кәсіпорындары мен олардың қауымдастықтарының қатысуымен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау жүргізіледі, мұндай талқылау бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтан да жүзеге асырылады.

ҰКП-ның белсенді қатысуымен ӨКМ жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар жобалары, ӨКМ қолданылатын өнімдер (тауарлар) тізбесі, қалдықтарды және т.б. жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) Утилизациялауды ұйымдастыруда төлемді есептеу әдістемесі талқыланды. Олардың жаңартылған нұсқаларын қабылдау осы жылдың басында күтіледі. ҰКП кәсіпкерлік қауымдастықтың мүдделерін қорғауда және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оның пікірлерін ескерместен қарауға жол бермейді.

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы осындай өзара іс-қимылды кеңейте отырып, оның ішінде Қазақстан өңірлерінде туындайтын жүйелі мәселелерді талқылағанға дейін ұсынуды және оған барлық қажетті күш-жігерді салуға дайын екендігін хабарлайды.       

Утилизациялау алымына қатысты туындаған мәселелер бойынша кәсіпкерлер ӨКМ операторының Call - орталығына - 88000800865, заң бөліміне – +7(7172)727960, сондай - ақ «Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментіне - +7(7172)919328 телефон номерлеріне хабарласа алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер