«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстанда мектеп оқушылары «Кәсіпкерлік негіздерін» өндірісте оқып жатыр

2018 жылғы 26 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
8697 просмотров

Оқу жылы басынан 17 қазақстандық мектепте пилоттық режимде «Кәсіпкерлік негіздері» элективті пәні енгізілді. Батыс Қазақстан облысында аталған пәнді сынау жұмыстары Орал қаласының №35 мектеп-лицейінде жүріп жатыр

 Пилоттық жоба «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Білім берудегі бұл жаңашылдық үлкен дайындық жұмыспен жүргізілді. Оралда жаңа пәнмен танысу былтыр № 21 орта мектеп базасында басталған болатын.

Бірінші болып пәнді «Қолданбалы экономика» таңдаулы курсы бойынша оныншы сынып оқушылары оқып көрді. Мұғалімнен басқа сабақтарды Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері жүргізді. Оқу материалымен ата-аналар да танысты. Олар оқушылармен бірге сауалнамадан өтіп, нәтижесінде курс қызықты, маңызды әрі өзекті екені анықталған.

 «Элективті пәнді толық апробациялау биыл №35 мектеп-лицейінде басталды. Сабақ аптасына екі рет жүреді. Курс практикаға көбірек негізделген, ситуацяилық кейстер көп қолданылады, танымдық жаттығулар қарастырылған, жобалық қызметке қарай бағдар бар. Тамыз айында  Астанада өткен тренингке қатыстым, ол жерде оқулықтың авторларымен таныстым. Олар жас, креативті, бастамашыл, конструктивті практикаға ашық адамдар, осылайша оқу-әдістемелік кешенді жақсартуға зор мүмкіндік бар. Оқушыларым да оқулық авторы Әсемгүл Сейтеновамен кездесті, сұхбаттасу оларға ұнады. Жаңа пән көңілдерінен шығып отыр»,– деді №35 мектеп-лицейінің мұғалімі Анна Сурова.

 «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқушыларға тәуелділік көзқарастарынан  арылған тұлға қалыптастыруға көмектеседі және оның тағдыры мен ел тағдыры оған тәуелді екенін түсінеді. Шын мәнінде, кез-келген мұғалім жаңа пәнді үйрете алады, өйткені кез келген адам кәсіпкер бола алады, ол тек оған қызығушылық танытуы керек.

 «Мен үшін кәсіпкерлік жаңа бағыт. Мен теорияға жақынмын, көп жылдар бойы жеке авторлық бағдарламалар бойынша экономикадан сабақ беремін. Теория практикасыз өлі, сондықтан мен осы курста ол жүзеге ассын деп қалдым. Пән экономика пәні секілді кестеден алынып тасталмайды деген үміттемін. Бұл курстан пайдалы ілім көп. Бүгінгінің оқушылары бастамашыл, іскерлікке жақын. Кейде өзім олардан үйреніп жатам», – деді Анна Сурова.

 Мектеп бағдарламасының екінші тоқсаны – практика. Кейстік оқытудың практикасы қолданылады, постерлер дайындалып, командалық жұмыс, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылады.

Орал трансформатор зауытының тарихын оқушылар осында жұмыс істейтін мамандардан білді. Alageum Electric Холдінгіне еншілес кәсіпорын биыл «Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену байқауының жеңімпазы атанды.

 «Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен кәсіби бағдар бағытында жұмыс істейміз. Мұндай өндірістерге экскурсиялар балаларға пайдалы деп санаймын. Біз оларға трансформаторлар жиналатын цехтарды көрсеттік. Өніміміздің 90%-ы экспортқа кетеді. Қажет мамандарды дайындау үшін базамызда колледж ашуды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы құрғақ трансфорамторларға арналған жабдықты орнату көзделген», – деді зауыттың сатылымдар жөніндегі директоры Азамат Мұхамбетжанов.

  «Кәсіпкерлік негіздерін» оқып, көрнекі үлгілерді көреміз. Жастар кәсіпкерлігі жайында ақпарат аламыз. Мәселен инстаграмдағы бизнес, табыс әкелетін вайндар. Кез келген бизнес аз нәрседен басталады. Болашақта не кәсіпкер болып, не қаржылық салаға барғым келеді, кәсіпкер болмасам да бұл білім өмірде қажет болады. Идеяң болса, оны жүзеге асыруға тырысуың керек», – деді №35 мектеп-лицейінің оқушысы Артём Мурашкинцев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер