Популизмге берілмей-ақ бизнесті қорғаймыз – Қайырбек Сүлейменов
Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов өзінің Facebook-тегі парақшасында осы жылы қандай жұмыстар атқарылғанын айтып берді.
Осы жылы Кеңес бизнестің 10 жүйелік мәселесін қарады, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 73 ұсыныс енгізілді. Оның ішінде бүгінгі таңда 53 ұсыныс қаралды, 20 ұсынысты қарау мерзімі әлі аяқталмады, олар енгізілген ұсынымдар іске асыру үшін уақыт талап етілетін жүйелі сипатта болғандықтан қарау сатысында тұр. Қаралған ұсыныстардың ішінен 63,6% на қолдау көрсетілді, 16,9% -ы қолдау таппады, 9 ұсыныс бойынша шешім қабылдау кейінге қалдырылды.
Қайырбек Сүлейменов мемлекет пен бизнес арасындағы дауларды шешуге ерекше назар аударды.
«Кеңес отырысында біз Қорғаныс министрлігіне «Саховат» ЖШС мен тағы төрт кәсіпкер алдында шарттық міндеттемелерді орындауды және әскери қызметшілерді ұстау бойынша қызметтерге он миллион теңгеден астам қарыз төлеуді ұсындық. Біз қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің кәсіпкерлер алдындағы қарызының өтелгеніне қуаныштымыз», - деді Қайырбек Сүлейменов.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің басшысы Шығыс Қазақстан облысы жолаушыларының алты тасымалдаушысына салынған салық берешегі миллиардтаған теңгеге жеткендігі туралы мәселені еске салды.
«Кеңесте біз бұл мәселені көтердік. Прокуратурамен бірлескен жұмыс нәтижелеріне сай, сот ШҚО МКД тасымалдаушыларға миллиондаған айыппұлдарды есептеу бойынша әрекеттерін заңсыз деп таныды», - деп атап өтті Қайырбек Сүлейменов.
Өз кезегінде Қайырбек Сүлейменов биылғы жылы бизнеспен ғана емес, сонымен қатар Бас прокуратурамен, Жоғарғы Сотпен, ҚР МҚІСҚА нәтижелі жұмыс жүргізілгенін айтты.
«Сонымен қатар, бизнесті қорғауда арзан популизмсіз-ақ, түбегейлі және нақты ұстаным маңызды деп санаймыз!», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің басшысы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: