«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» түлегі аудан орталығында фаст-фуд өнімдерін сату нүктесін ашты

2018 жылғы 25 Желтоқсан
- Павлодар облысы
8356 просмотров

«Бастау» жобасы қатысушыларға мүмкіндіктердің кең көкжиегін ашып, ең батыл бизнес-идеяларды бастауға мүмкіндік береді.

Осындай мүмкіндікті Успен ауданының тұрғыны Миржан Жайсембаев пайдаланып көрді. Миржан 27 жаста, өзінің мамандығы ақпараттық жүйелер саласы болуына қарамастан ол жеке кәсіпті мүлде басқа сала – қоғамдық тамақтанудан бастауды жөн санады.

«Бастау» жобасының қатысушысы атанып, Миржан Жайсембаев Успен ауданында фаст-фуд сауда нүктесін ашты.

Қоғамдық тамақтану нүктесін ашу идеясы туралы жігіт студенттік кезден бері ойластырып жүр екен. Идеяны жүзеге асыруға бел буған бастауыш кәсіпкер жеке қаражатқа дүңгіршек, электроплита, тоңазытқыш жабдығы, қысқатолқынды пеш, фритюр, қажетті құралдар мен мүкәммал сатып алды. Ауыл тұрғыны сонымен қатар дөнер мен гриль тауықтарын шығаруды жоспарлады, алайда оған қаражат жетпеді.

Қолдау алу мақсатында Миржан Жайсембаев ӨКП Успен ауданы филиалына жүгінді, мамандар «Бастау» жобасына қатысуды ұсынды. Кәсіпкердің айтуынша, оқу курсы нақты нәтиже береді. Мәселен, маркетингтік зерттеу жүргізу арқылы ол ауданда жеткізушілерді тапты.

 «Бастау жобасы кәсіпті енді қолға алған адамға көмектеседі. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына осындай жоба үшін алғыс білдіремін», – деді Миржан Жайсембаев.

«Бастау» түлегі шығарылатын өнім ассортиментін ұлғайтып, тағы бір сауда нүктесін ашуды жоспарлап отыр. Ол үшін кәсіпкер «Еңбек» жобасы шеңберінде мемлекеттік грант алу байқауына қатысты. Грант қаражатына кебаб гриль мен тауық грилін алуды жоспарлап отыр.

«Бастау» жобасының бизнес-тренері Асылбек Әріпов қатысушылар әдетте қалыптасқан бизнес-идеямен келіп, соңғы нәтижеге талпынуы нағыз табыс екенін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер