«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көксу туристік аймаққа айнала ма?

2018 жылғы 25 Желтоқсан
- Жетісу облысы
7261 просмотров

Кәсіпкерлер табиғи ескерткіштерді көркейтуді ұсынды

Алматы облысы ӨКП Көксу ауданындағы филиалы, Кәсіпкерлердің аудандық кеңесі, «Тритон» ҚБ және аудан әкімдігі бірлесіп, туризм мәселелеріне қатысты жиын өткізді. Іс-шара мақсаты – ішкі туризмді насихаттау мен дамыту, туристік әлеуетті және дамытуға арналған негізгі бағыттарды анықтау.

Ауданда 84 объекті, оның ішінде сәулет, киелі жерлер мен табиғат ескерткіштері бар.

 Жиын барысында Көксуда туризмді дамытудың әлеуеті мен келешктігі таныстырылып, саланың негізгі мәселелері, бизнес пен жергілікті биліктің өзара қарым-қатынасы талқыланды.

 Алматы облысы ӨКП Өңірлік кеңесі жаңындағы Туризм және спорт  комитетінің мүшесі, «Тритон» ҚБ төрайымы Салтанат Өтешбаева туристер мен тұрғындарға қызықты болатын 54 туристік объектіні таныстырды. Оның айтуынша, бұл табиғи ескерткіштер мен киелі жерлерді мемлекекттік табиғи ескерткіштер тізіліміне қосу қажет.

 «Бұл орындарды тұрақты түрде тазартып, көріктендіріп отыру қажет, инфрақұрылым желілерін тарту да маңызды, бұл туристтер мен жергілікті тұрғындардың демалу орындарына, ал кәсіпкерлердің бизнес көзіне айналуы керек. Табиғи жерлер туралы белгі беретін жол бойы маңдайша жазулар, нұсқаулықтар керек», – деді Салтанат Өтешбаева.

Спикер бұл орындарды насихаттау мақсатында мектеп оқушылары мен студенттерге арнап кешенді экскурсиялар ұйымдастырып, билбордттар орналастыру сонымен қатар объектілерді туристификациялаудың бірыңғай картасына енгізу тиімді болады деп атап өтті.

Өз кезегінде Көксу ауданы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кеңесбаев жиын барысында айтылған ұсыныстарды бюджетке қосу мақсатында әкімдікте қаралалатынын жеткізді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер