«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігін талқылады

2018 жылғы 24 Желтоқсан
- Павлодар облысы
8504 просмотров

Жаңажылдық корпоративтер өтетін объектілердегі өрт қауіпсіздігін Павлодар облысы Төтенше жағдай жөніндегі департамент қызметкерлері және бизнесмендер Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында талқылады

Кәсіпкерлерге пиротехникалық өнімдерді сату және сақтау саласындағы заңнамалық талаптар түсіндірілді.

Дөңгелек үстел барысында көпшілік жиналатын жерлерде орын алған өрт салдары мысал ретінде келтірілді. Ғимараттар ішінде пиротехникалық өнімдер, ашық отты арнайы эффектілерді пайдаланбау бойынша нұсқамалар берілді. Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық іс-шаралар бөлім бастығының орынбасары Қайыргелді Әлімқан сауда үйлері мен базарлардың жетекшілеріне «Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі ережесіне» сәйкес пиротехникалық өнімдерді арнайы емес базарларда, сауда дүңгіршектерінде, көшелерге және осы мақсаттарға бейімделмеген дүкендерге сатуға қатаң тыйым салынғаны жайында хабарлады. Мәселен, 14 жасқа толмаған балаларға пиротехника сатуға болмайды, сонымен қатар сәйкестік сертификаты мен қолдану нұсқаулығы жоқ өнімге тыйым салынған.

«Рейдтік іс-шараларды жүргізуде өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін пиротехникалық өнім анықталған жағдайда, осындай тауарды сатушыларға әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілік тағылады», – деді Қайыргелді Әлімқан.  

 

 Кәсіпкерлерге «Тұншықтырғыш газ», «Жаңа жыл қарсаңында өртті болдыртпау», «Өрт сөндірудегі бастапқы құралдар, оларды қолдану нұсақаулықтары» сынды үйрететін бейне роликтер көрсетілді. Іс-шара қатысушыларына «Көпшілік жиналатын жерде өрт кезінде әрекеттер туралы», «Жаңажылдық мерекелерді өткізуде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы» жаднамалары таратылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер