Бизнес және квазимемлекеттік секторда корпоративтік басқаруды енгізу мәселелері талқыланды
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысы шеңберінде кеңес мүшелері корпоративті басқарудың базалық мәселелерін анықтап, «Самұрық-Қазына» қорының басқару моделімен танысты.
«Біз квазимемлекеттік секторда жиналған тәжірибе мен бизнестегі жиналып қалған мәселелерді есепке ала отырып, үлкен жұмыстың үдерісін бастағалы жатырмыз. Құрылған кеңес – мемлекеттік органдар мен бизнестің әрекетін талқылау мен үйлестірудің мүмкіндігі», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская.
Бүгінде ақпаратты ашу бойынша талаптар акционерлік қоғамдарға (АҚ) ғана қолданылады, ал олардың саны Қазақстанда күрт төмендеп келеді. Алайда ЖШС-ға қатысты ақпаратты ашу талаптары бухгалтерлік және салықтық есептілік бойынша стандарттарды ұстануға байланысты. Тәуекелдерді реттеудің сапалы жүйесі – бизнес пен мемлекет үшін маңызды мәселе болып отыр. Елена Никитинскаяның айтуынша, прогрессивті-дұрыс нарықтық жүйе – бүгінде қажетті шара.
«Самұрық-Қазына» АҚ 2009-2015 жылдар аралығында портфельді компаниялардағы корпоративті басқаруды диагностикалау әдістемесін таныстырды.
«Корпоративті басқарудың қазіргі моделін 9 жыл бойы қалыптастырдық. Қор жеке әдістеме, бағалау жүйесін әзірледі. Әдістемеге сәйкес тиімді корпоративті басқару әдістемені дамытуды, корпоративті басқаруды диагностикалау, ұсынымдар және жетілдіру бойынша жоспар, сонымен қатар жоспарды жүзеге асыруды қамтиды. Мониторинг жүйесі де өте маңызды. Жүйемізде сәтті орындалған KPI тікелей директорлар кеңесіне байланысты», – деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компанияларда корпоративтік басқару жөніндегі департаменттің директоры Эльвира Қонақбаева.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов бүгінде басқарудың дұрыс жүйесін және ашық есеп жүйесін қалыптастыру қажеттілігін атап өтті.
«Базалық нәрселерді негізге алуымыз керек. Өйткені, бизнес, квазимемлекеттік сектор, банкке арналған әдістеме өзінің ерекшеліктеріне қарай түрлі болмақ. Қазір корпоративті басқарудың базалық мәселелерін талқылау міндеті тұр, олар алдағы жұмыстың векторын белгілейтін болады», – деді Рустам Жүрсінов.
Басқарма мүшесінің айтуынша, корпоративті басқарудың ұлттық стандарттарын бекіту, корпоративті басқаруды бағалауды енгізу мен өткізу үдерісін үйлестіру маңызды. Сонымен қатар квазимемлекеттік және жекеменшік секторларда іске асыру механизмін анықтау қажеттілігі айтылды.
Корпоративті басқаруды енгізу қолданыстағы қор алаңдарын жандандыруға ықпал етеді. Кеңес мүшелердің пікірінше, қор нарығы – қаржы саласында демократизация үдерісін түзу, шетелдік инвесторларды тарту мен ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасау мүмкіндігі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: