«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер 1 қаңтардан бастап электронды шот-фактураны шығаруға міндеттеледі

2018 жылғы 21 Желтоқсан
- Жетісу облысы
7860 просмотров

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап, Салық кодексіне сәйкес, барлық салық төлеушілер тауарларды сатқан кезде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) шығаруға міндеттеледі.

 Жаңа процедура туралы Талдықорғанда өткен Бухгалтерлер клубының отырысында айтылды. Кездесуге компаниялар бухгалтерлері мен бөлшек сауда кәсіпкерлері қатысты.

 «Жетісу» автоматтау орталығының өкілдері – инженер-программист Александр Валейко және 1 С бухгалтерия бағдарламалық өнімдері бойынша жоба жетекшісі Жанна Алтаева таныстырылым жүргізіп, жаңашылдық бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулылықты көрсетті.

 Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы, Бухгалтерлер клубының модераторы Санат Түсіпов өңірлік кәсіпкерлер палатасы электронды шот-фактураларды енгізу сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастыратыны жайында мәлімдеді. Неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін Алматы облысының Бухгалтерлер Клубында арнайы чат жұмыс істейді (чатқа қосылу үшін +7 705 222 3371 нөмірі).

Анықтама үшін:

Шот-фактураларды электронды түрде шығару анағұрлым ыңғайлы әрі үнемді, өйткені электронды шот-фактура келесідей артықшылықтарға ие:

-ЭШФ шығару мерзімінің 15 күнге ұзаруы, мәселен қағаз жүзіндегі шот-фактураны шығару небәрі – 7 күнді құрайды;

- қызметкерлерге шот-фактураны шығару бойынша өкілеттігін беру мүмкіндігі;

-құрылымдық бөлімшенің шығарылған және алған ЭШФ көру мүмкіндігі;

-егер сіз барлық шот-фактураларды электронды түрде берсеңіз, онда жүзеге асқан тауарлар, жұмыс, қызмет көрсету (300.07) бойынша тізілімді көрсетпеу мүмкіндігі;

-егер сіз барлық шот-фактураларды электронды түрде берсеңіз, онда жүзеге асқан тауарлар, жұмыс, қызмет көрсету (300.08) бойынша тізілімді көрсетпеу мүмкіндігі;

-қағаз үнемдеу және мөрді жасауға қаражатты үнемдеу;

-ЭШФ-ны алушының орналасқан жеріне қарамастан жедел алу, сонымен қатар сатып алушы мен жеткізуші арасында ЭШФ ақпараттық жүйесінде тез ақпарат алмасу мүмкіндігі;

-қателіктердің болмауы, өйткені ЭШФ ақпараттық жүйесіне форматты-логикалық бақылаі жүргізіледі;  

-егер тауар, жұмыс, қызмет түрін мемлекеттік мекеме алатын болса, онда төлемдер шотын ЭШФ ақпараттық жүйесінен «Қазынашылық-клиент» ақпартытқ жүйесіне автоматты түрде өтуі, осылайша электрондық қаржы құжаттарының төлем бойынша ашықтығын қамтамасыз етеді.

 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауар, жұмыс, қызмет түрін жүзеге асыруда электронды шот-фактура болмаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 280-1 бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісіне 40 АЕК (40*2405=96200тг), орта кәсіпкерлік субъектісіне – 100 АЕК (100*2405= 240500тг), ірі кәсіпкерлік субъектісіне 150 АЕК (150*2405=360750тг) көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер