«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Студенттік жатақханалар салу тиімді

2018 жылғы 20 Желтоқсан
- Жетісу облысы
5331 просмотров

 Облыс бойынша жатақханаларға деген жалпы қажеттілік 1430 орынды құрап отыр

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының мамандары Мемлекет басшысының 75 000 студентті жатақханамен қамту бойынша міндетін жүзеге асыру механизмін таныстырды. Кездесуге құрылыс компаниялары мен қонақүйлер басшылары, оқу орындары мен мемлекеттік органдар өкілдері шақырылды.

Жоғарыда айтылғандай, Алматы облысында жатақхана бойынша қажеттілік 1430 орынды құрап отыр, оның ішінде 580 орын Талдықорған қаласы, 400 орын Талғар қаласы, Есік пен Алматы қалаларындағы оқу орындарына 200-ден орын керек, сонымен қатар Қаратал ауданы Бастөбе ауылына 50 орын қажет. Жатақхана құрылысы немесе қолданыстағы ғимаратты реконструкциялау үшін кәсіпкерлерге қаржылық қолдау қарастырылған.

 «Жаңа ғимарат салу кезінде әр жатын орынға мемлекет 122 АЕК көлемінде өтемақы төлейді. Егер қолданыстағы ғимаратқа реконструкция жасалған болса, онда өтемақы құны бір жатын орынға 47 АЕК-ті құрайды. Төлемдер 8 жыл бойына жүргізілетін болады», – деді «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі орынбасары Талғат Матаев.

 Спикер, сонымен қатар Талдықорғанда орналасқан бірқатар қонақүйлер мен ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жатақханаға реконстуркция жасауға болатынын айтты. Қатысушыларға арнап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ынтымақтастық механизмдері түсіндірілді.

«Жатақханалар жаңа концепт бойынша салынатын болады. Студенттер үйі ыңғайлы, қолайлы және студенттер үшін пайдалы орынға айналуы керек. Кәсіпкерлер назарына жүзеге асырудың түрлі жобалары мен механизмдердің үлгісі ұсынылды. Енді оларды саралап, олқылықтар болса, бәрін есепке алу керек», – деді Алматы облысы ӨКП жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Дана Жамболатова.   

Кездесу соңында қатысушылар жобаны ұйымдастырушыларға сұрақтар қойып, толымды жауаптар алды. 

Презентация

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер