«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шетелден ірі қара малды «қауіпсіз» тасымалдаудың жолы қандай?

2018 жылғы 21 Желтоқсан
- Қостанай облысы
7241 просмотров

Биыл Қостанай облысына шетелден 2 186 бас ірі қара әкелінді. Келесі жылы мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы аясында бұл көрсеткішті оң есе ұлғайтып, өңірге – 36 000 басқа дейін әкелу көзделген. Осыған байланысты Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасында ауыл шаруашылығы малын тасымалдауға қатысты мәселелер талқыланды.

 Жиынға Ауыл шаруашылығының басқармасы, ветеринарлық бақылау комиетінің облыстық территориялық инспекциясы, ветеринарлық зертхана, сонымен қатар ауыл шаруашылық өндірушілері қатысты.

 «Қазақстанда аусылға қарсы екпе жасалмайды, сондықтан малды жергілікті статусқа ұқсас жерлерден тасымалдау керек. Жеткізушілер арасында анағұрлым танымал Ресей Федерациясы болып отыр. Назар аударыңыз, шекара бойынша біз «жабықпыз». Орынбор, Самара, Курган, Челябі облыстарында аусылға қарсы екпе жұмысы жүрып жатыр, сәйкесінше, ол жақтан бізге мал тасымалдауға тыйым салынған. Ол жақтан малды еліміздің оңтүстік аймақтарына тасымалдауға болады», – деді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитетінің территориялық инспекциясы бөлімінің жетекшісі Лейла Аңсабаева.

 Егер кәсіпкер басқа елден малды тасымалдауды жоспарласа, онда сол мемлекеттің ветеринарлық тұрғыдағы мәртебесін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтынан білуге болады. Эпизоотикалық жағдай, басқа да аурулар – нодулярлы дерматит, қарасан, аусыл бойынша ақпарат бар. Ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитетінің территориялық инспекциясы мамандары бұл ережелер орындалмаса, салдары Қазақстанды ауыл шаруашылығы өндірушілер үшін үлкен мәселеге айналуы мүмкін деп ескертуде.

 Кәсіпкерлер ветеринарлық қауіпсіздіктің маңыздылығын түсінеді, алайда сұрақтар да жоқ емес.

 «Уақытша шектеу қай уақытқа жалғасатынын қайдан білуге болады? Жақын өңірден малды сатып алу тыйым салынғандықтан, малды 5 мың шақырым жерден алдыртуға мәжбүрмін. Шалғайдағы мал біздің жерге жер сінуі екіталай. Бірақ қай жерде, қашан мал алатынымды жоспарлауым керек. Шектеулер қашан алынады екен?», – деді Денисов ауданындағы шаруа қожалығының жетекшісі Нұржан Сатыбалдинов.

 Жауап айқын – ешкім. Осындай жағдай тәуекелдерді алдын алу мүмкін емес. Жиын барысында тағы бірнеше мәселе көтерілді.

  «Бүгінде мал шаруашылығында мәселе көп. Кеңес кезеңінде болған ірі қара санымен салыстрығанда, біз көрсеткіштерді әлде қайда төмендетіп алдық. Ішкі нарықты сүтпен қамти алмай отырмыз... субсидиялау ережелері жылына бірнеше рет өзгереді, өндірушілер түсініп үлгермейді. Екпе жұмыстары да түсініксіз. Біреу екпе салады, біреу салғысы келмесе, салмайды. Ал барлығы екпе жасаса, мал ауырып қалады. Бұл бітпейтін мәселе болды», – деді «Тұрар» ЖШС директоры Қайрат Оспанов.

Ветеринарлық комиеттің территориялық инспекциясы жетекшісі  Оразбек Батырбеков Қазақстанда Халықаралық эпизоотикалық бюро ұсынған вакциналар қолданылатынын атап өтті. Екпе салынған малдың екпеден кейінгі реакциясы түрлі болады, алайда оны ауру ретінде қабылдамау керек.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер