ЕАЭО Іскерлік кеңесінің комитеті 2019 жылға жаңа міндеттер белгіледі
Мәскеуде ЕАЭО Іскер кеңесі комитетінің Қытай Халық Республикасы және сауда келіссөздер бойынша басқа да басым серіктестермен сауда-экономикалық қарым-қатынастар жөнінде қорытынды отырысы өтті.
Аталған жиында Қазақстанның позициясын «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева білдірді. Кездесуге Левон Даниелян (Армения өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы), Владимир Басько (Іскер кеңесі комитетінің ЕАЭО цифрлық тәртібі жөніндегі төрағасы), Шамиль Борончиев (Қырғызстан өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының вице-президенті), Владимир Саламатов (Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы) қатысы.
Жиынға қатысушылар 2018 жылдың мамыр айында Астана қаласында ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны – маңызды әрі өз уақытында жасалған шара екенін атап өтті. 2017-2018 жылдары бұл келісімді әзірлеу процедураларына Комитет белсенді атсалысқан болатын.
Қыркүйек айында Комитет металлургия, көлік және логистика, ароөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылығы салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде ҚХР-мен Секторлық диалогты дайындау жөніндегі жұмысының белсенді кезеңін бастау жөнінде ЕАЭО Іскерлік кеңесі Төралқасының қолдауын алды.
Бұған қоса, жиын барысында секторлық диалог шеңберіндегі ынтымақтастық мүмкіндігі туралы ақпаратты беру бәсең жүріп жатқаны айтылды.
Осыған байланысты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бизнес-қоғамдастықтарының өкілдеріне ҚХР нарығына шығуға тосқауыл болып тұрған кедергілер жайында және ҚХР-мен секторлық ынтымақтастықтың мүмкін бағыттары туралы ақпаратты беруді тездету ұсынылды.
2018 жылы Комитеттің Үндістанмен келіссөздік тректерді жолға қою бойынша жұмысы басталды. Аталған жұмыс 2019 жылы да жалғасын таппақ.
Жиын қатысушылары шетелдік нарықтарда экспорттық кедергілерді анықтау мен алып тастау бойынша қызметті күшейту, сонымен қатар тараптардың ЕАЭО-ның ішкі нарығын қорғауға бағытталған өзара әрекеттесуді белсендіру қажеттілігін бір ауыздан қолдады.
Тараптар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық мәселелерінің ортақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Жиын қорытындысы бойынша Комитеттің 2019 жылдың бірінші жартысына белгіленген жұмыс жоспары мақұлданды. 2019 жылдың ақпан айында Алматы қаласында кезекті Цифрлық форумда өтетін цифрлық күн тәртібінде ЕАЭО шеңберінде Тауарларды таңбалау және цифрлық қадағалау мәселелері жөніндегі одақтың бизнестің келісілген позициясын әзірлеу үшін сараптама сессиясын өткізу, ЕАЭО цифрлық саудасы, Одаққа мүше мемлекеттердің цифрлық қолтаңбаларын және трансшекаралық деректер трафигін өзара тану бойынша келісімге қол жеткізілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: