Ақпарат министрлігі және «Технодом» арасындағы дау оң шешімін тапты
«Технодом» компаниясының интернет-дүкенін бұғаттау оқиғасы 2018 жылдың тамыз айында электронды коммерция нарығы ойыншылары қызметін заңнамалық реттеу мәселесі жөніндегі дөңгелек үстел барысында талқыланған болатын.
Кездесуге ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті, ҚР Ұлттық экономика Сауда қызметін реттеу департаменті, «Атамекен» ҚР ҰКП, Тұрмыстық электр, компьютерлік техника мен күрделі техникалық жүйелердің сауда компаниялары мен тауар өндірушілерінің қазақстандық қауымдастығы және «Technodom Operator» АҚ (Технодом Оператор) (ары қарай – Компания) қатысты.
Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың тамыз айында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне халық кейбір тауарлардың ерсілігіне қатысты шағымдауына себепті «Технодом» интернет-дүкенінің жұмысы тоқтатылды. Компания интернет-дүкенінің бұғатталуы салдарынан табыстан қағылды. Сондықтан электронды коммерция индустриясын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды дереу енгізу мәселесі туындады.
«Технодом Оператор» компаниясы заңнамалық актілерге электронды коммерциямен айналысатын электронды сауда алаңын (интернет дүкені) нақты білгілеуді ұсынды, өйткені қолданыстағы заңнама интернет-дүкендер, әлеуметтік желілер мен видеохостингтерді қоса алғанда барлық интернет-ресурстарды БАҚ көздеріне теңдестіріп тұр. Бұған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Технодом Оператор» АҚ-тың электронды коммерциямен айналысатын интернет-ресурстарын анықтауға қатысты ұсынған өзгертулерді енгізу мүмкіндігін қарауға дайын екенін білдірді.
Жиын барысында БАҚ мониторингін жүргізу ережесіне өзгертулер енгізу, атап айтқанда интернет-ресурстардың иелеріне құқық бұзушылықты жою қажеттілігі туралы хабарлама-хатты заңды мекенжайға қағаз түрінде жіберу ұсынылды. «Технодом Оператор» АҚ ҚР заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық орын алған жағдайда интернет-ресурстары иелеріне бұзушылықты жою бойынша ескертпе хаты келгеннен кейін 3 тәулік беру туралы тармақты қосуды ұсынды. Талқылау барысында, сондай-ақ, Ішкі сауда ережесіне «интернет-дүкен» түсінігін электронды сауданы жүзеге асыруға арналған объект ретінде енгізу ұсынылды. Қатысушылар интернет-дүкендердің тауар каталогтарында белгілі бір жас категориясына арналған жекелеген тауарларды өткізуге қатысты түзетулерді заңнамалық актілерге қосу керектігі жайында ортақ пікірге келді.
«Компанияның интернет-дүкені базасында жекелеген тауарларға қолжеткізуді шектеу бойынша қолданыстағы техникалық шешімдері заңнамалық актілерге, ішкі сауда туралы ережелерге толықтырулар әзірлеу кезінде дайын үлгі бола алады», – деді «Технодом Оператор» АҚ WEB-жобалар басқармасының бастығы Владимир Сломушинский.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері осы түзетулерді кеңейтілген немесе басқа тұжырымдамалармен қарастыруға дайын екендерін білдірді.
«Бұл дөңгелек үстел заңдық тұрғыда жұмыс істейтін өркениетті коммерция нарығын қалыптастырудағы тағы бір қадам болды. Ал Ақпарат және коммуникациялар министрлігі электронды сауданы реттейтін заңнамалық актілерді әзірлеу мен нақты анықтау жұмысына көмектесуге дайын», – деп атап өтті ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті директорының орынбасары Михаил Комиссаров.
Тұрмыстық электр, компьютерлік техника мен күрделі техникалық жүйелердің сауда компаниялары мен тауар өндірушілерінің қазақстандық қауымдастығының төрағасы Сергей Архипкин Үкіметтің нарық қатысушыларын тыңдауға дайын екендігі және халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, электрондық коммерция нарығы өсетіні, сондай-ақ, жаңа заңнамалық база қажет деген көзқарас туралы түсінік барын айтты.
«Компания әзірлеген түзетулер тез арада қарастырылып, мақұлдауға ұсынылады деп сенеміз, бұл шара тұтастай алғанда электрондық коммерция нарығының дамуына оң әсер етеді», – деді «Технодом Оператор» АҚ жетекші заңгері Айжан Бабаева.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: