«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» жобасына 28,5 мың адам қатысты

2018 жылғы 13 Желтоқсан
7171 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Бастау» жобасының жүзеге асырылуына қорытынды жасалып, үздік тренерлер марапатталды.

Марапаттау салтанаты Астана қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, бизнес-тренерлер және республикадағы өңірлік палаталары басшыларының қатысуымен өтті.

 Биыл жобаға бүкіл Қазақстаннан 28,5 мың адам қатысты. Ауыл тұрғындары кәсіпкерлік негіздерін  30 күн бойы он екі модуль бойынша оқыды. Нәтижесінде 7 мыңнан астам тыңдаушы жеке кәсібін ашып үлгерді. Эльдар Жұмағазиевтың айтуынша, мұндай нәтижеде бизнес-тренерлердің үлесі үлкен. Жыл жоспары 100%-ға орындалды, ал Батыс Қазақстан обылысы мен Қарағанды облысы жоспардан асып, жұмысты 160%-ға орындады.  

 «Үш жыл бұрын «Бастауды» пилоттық жоба ретінде Үкімет басшысына таныстырған болатынбыз. Бүгін жобамыз «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына енгізіліп, сәтті жүзеге асуда», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

 Жобаны жүзеге асыру үдерісіне 160 тренер жұмылған, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арнап 60 сынып ашылды. Бизнес-тренерлер алдындарында тұрған міндеттер: жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды оқыту, жобаның бизнес-жоспарын құру, тұрақты кеңестер туралы айтып берді. Ең бастысы, оқу аяқталса да, тренер тыңдаушыларға жер учаскесі, орынжай алуға көмектесіп, қаржыландыру сұрақтары бойынша кеңес береді.

 Эльдар Жұмағазиевтың айтуынша, «Бастау» жобасының 2017 жылғы түлектерінің 95%-ы бүгінде бизнестерін сәтті жүргізіп, салықтарын төлеп отыр.

 «Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастама аясында «Бастау» жобасы бойынша көп адам қаржыландыруға қол жеткізбегені жайында айтқан болатын. Биыл шамамен оқып шыққан тыңдаушылардың 10 мыңы қаржыландыру кезегін күтіп отыр», – деді Басқарма мүшесі.

 Эльдар Жұмағазиев қай ауданда  қандай бизнес бастаған тиімді екенін білу үшін әр ауыл бойынша скрининг өткізцдің маңыздылығын атап өтті.

 «Мәселен, мемлекеттік органдармен бірге біз Атырау облысында скрининг жүргізіп жатырмыз. Осылайша өңірде қандай бизнеске қажеттілік барын анықтай аламыз. Қостанай облысы Арқалық қаласына жүргізілген скрининг нәтижесі бизнеске арналған 140 жаңа нышанды анықтады», – деді Эльдар Жұмағазиев.

2019 жылы жоба аясында оқығандар саны азайтылады. Осындай шара арқылы алдыңғы қатысушылар қаржылай қолдауды алатын болады. Орта есеппен алғанда әр қатысушыға 3,5 млн теңге несиелік қаражат келеді.

 Биыл ауыл тұрғындары агро технологиялар негіздеріне ерекше назар аударған. Сонымен қатар жоба бойынша оқып шыққандар қызмет көрсету саласы – ТЖО, химиялық тазалау, дүңгіршектер мен моншалар ашуды қолға алған. «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мұндай жобалар бойынша өтінімдерді шектемейді және қаражат бөліп отыр.

 Ал салтанатты іс-шарада «Үздік бизнес-тренер-2018» аталымында бірінші орынды Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы бойынша бекітілген тренер Қуанышбек Ерниязов алды. Биыл Қуанышбек 38 ауыл тұрғынына жер учаскелерін алуға көмектесіп, 138 жобаны қаржыландыру деңгейіне жеткізген. Сонымен қатар Қуанышбек Ерниязов өзінің қалауы бойынша жер учаскесін алған азаматтарға дақыл егу жұмыстарын, бордақылау алаңдарын жоспарлауға көмектесті. Биыл Зеленов ауданындағы 100 адам бизнес-тренердің көмегімен бизнес-жобаларын қорғап, қаржыландыруға қол жеткізді.  

«Студент кезімде белсенді болдым, үшінші курстан бастап start-up жобаларымен айналыса бастадым. Достарымызбен жеке бизнес ашып, 2016 жылы ол бастама өз шарықтау шегіне жетті. Сол уақытта мен өзіме жаңа жұмыс – бизнес-тренерлікті таптым. Бірінші кезекте бұл әлеуметтік жоба. Мен өзім ауылда туып өскем, ауыл өмірінен хабардармын, мұнда қандай бизнес нышан ашу керектігін білемін. Білгенімді ауыл тұрғындарымен бөлісу, олардың бизнес сауаттылығын арттыру ұнайды. Мен үшін бұл әлеуметтік маңызы бар жоба», – деді үздік тренер Қуанышбек Ерниязов.

 «Жобаға белсенді қатысқаны үшін» аталымы бойынша Жасұлан Меңдіқұлов (Түркістан және Атырау обылстары) және Нариман Абдрахманов (Түркістан және Ақтөбе облыстары) марапатталды.

«Жыл жаңалығы» аталымын Ержан Кәріпжанов (Шығыс Қазақстан облысы), Марат Бикенов (Қостанай облысы) алды.

 «Жыл менторы» аталымында Тимур Рахымжанов (Қарағанды облысы) үздік атанды.

Үздік  «Идеялық шабыттандырушы» Гүлмира Бағжаева атанды (Алматы облысы).

 «Жобаны үздік ақпараттық сүйемелдеу» аталымында үздік тренерлер болып Шынар Жетпісова (Павлодар облысы) және Жасұлан Сейітқалиев (Алматы облысы) таңдалды.

 «Үздік қаржы моделі» аталымында Рауан Ерғалиев (СКО) озық болды.

Тыңдаушыларды стандартты емес оқыту формасы бойынша Әсет Жексенбі (Алматы қаласы) үздік атанды.

 Жоба түлектері мен ірі өндірушілер арасында мықты байланысты жолға қойғаны үшін Жазира Тоқабаева (Жамбыл облысы) марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер