Жамболат Сәрсенов: «Жекеше медицина дамуына ертеңгі күнге сенімділік керек»
Медицинадағы жеке секторға мемлекетпен ұзақ мерзімді келісімшарттар керек.
Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитетіның төрағасы Жамболат Сәрсенов Kazakhstan Healthcare форумының Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін трансформациялау сын-тегеурініне арналған панельді сессиясы барысында айтты.
«Ұзақ мерзімді келісішарттар дамыту қажет маңызды құрал. Бұл денсаулық сақтаудың өсуі мен дамуына арналған қажетті әлеуетті және инвестицияларды тартуды қамтамасыз етеді. Жекеше компаниялар өз қаражаттарын салып, жұмыс істеп, келер күнге сенімді болғысы келеді», – деді Жамболат Сәрсенов.
Комитет төрағасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизміне бөлек тоқталып өтті, билік пен бизнестің мұндай қарым-қатынасы денсаулық саласында да пайдалану қажет.
«Қазір бізде МЖӘ механизмдері бар. Олар жақсы жұмыс істейді әрі тиімділігін көретіп те үлгерді. Ақша бөлуге дайын адамдар үшін қажетті алаң құру керек», – деп санайды Комитет төрағасы.
Форум аясында, сондай-ақ, отандық медицина дамуының мемлекеттік секторда, жеке сектордағы келешектігі қаралды.
«Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің 2025 жылға көрінісі» тақырыбында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндама жасады. Министр елдегі денсаулық сақтаудың өзекті мәселелеріне, сонымен қатар жеткен жетістіктер мен оларды дамыту мәселелеріне назар аударды.
Форумның маңызды бөлімдерінің бірі – Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін трансформациялау сын-тегеуріндеріне арналған панельді сессия болды. Оған Денсаулық сақтау министрімен бірге профессорлар, ғылыми институттар мен жеке сектор өкілдері де қатысты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: