«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шеңгелдіде 200 адамға арналған тамақтандыру орны ашылды

2018 жылғы 11 Желтоқсан
- Жетісу облысы
5149 просмотров

Кәсіпкер Ғабит Жылқыбаев «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 млн теңгеге қаржыландырылды

Кафе Шеңгелді ауылындағы жол бойында орналасқан. Қоғамдық тамақтану нысаны 200 орынға арналған және қазіргі таңда 10 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Бизнес-жобаның іске асырылуына Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Қапшағай қалалық филиалы толығымен қолдау көрсетті.

«Мен 2016 жылдан бері қоғамдық тамақтану саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысамын.  Осы мерзім ішінде біз Шеңгелді ауылдық округі мен жақын маңдағы ауыл тұрғындарының арасында танымалдылыққа ие болдық. Сондықтан бизнесті кеңейтіп, үлкен кафе ашуды жоспарладым. Кәсіпкерлер палатасында бизнес-жоспар әзірлеп, құжаттарды жинауға көмектесті. Бұл істі ары қарай жүргізу бойынша кеңінен түсініктеме берді» , - дейді кәсіпкер Ғабит Жылқыбаев.

Сонымен бірге ол кафе жанынан азық-түлік дүкенін ашты.

Кәсіпкерлер палатасының Қапшағай қалалық филиалының мәліметінше, жыл басынан бері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына 1,5 мыңнан астам кәсіпкер мен тұрғын жүгініп, 1500 астам кеңес алған. Олардың басым бөлігі маркетинг мәселелері мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысты. Сондай-ақ, бухгалтерлік және құқықтық қызметтер көрсетілді.

 Жалпы Қапшағай өңірінде 3481 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер