«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көп балалы ана "тәтті" бизнесті қолға алды

2018 жылғы 12 Желтоқсан
- Қостанай облысы
9521 просмотров

Екатерина Абросимова сүйікті ісін кәсіпке айналдырған бақытты жандардың бірі.

Бизнес-идея иесін өзі тапты. Бірнеше жыл бұрын Екатеринаның таныстары одан балкүлше пісіруді сұраған, нәтижесінде қолдан піскен өнімнің дәмі қонақтарды тамсандырды. Кейін үй шаруасындағы кондитерге тапсырыстар ағыла бастады, уақыт өте келе тапсырыстарды орындау  ас үйде мүмкін болмай кетті. Екатерина бизнесін кеңейтпек болады. Оған «Бастау» курстары көмектесті.

«Кондитерлік, аспаздыққа еш жерде үйренген емеспін, бизнес жүргізуді де білмедім. Өмірлік қиындықтарға қарай үш баламен жұмыссыз қалдым, осы уақытта жылдам қалай ақша табуды шешу керек болды. Бастапқыда кешенді түскі ас және пиццалар пісірдім. Маған кіші ұлым көмектесті. Кейін балкүлше пісіруге ауыстым, бұл іс маған ұнайды, бір тортты сағаттап әрлеуім мүмкін», – деді Екатерина.

Екатерина нан-тоқаш өнімдерін жақсы пісіреді. Әзірге оның басты ұстазы – интернет. Ғаламторда Екатерина рецептілерді үйреніп, кеңестер алады. Осы уақыт ішінде талапты келіншектің балкүлшелері бірі-біріне ұқсамайды жасалады, әрқайсысы – эксклюзив.

Екатерина Абросимова мастикалық балкүлшелерді жасауды ұнатады. Бұл нағыз кондитерлік өнер. Айтпақшы, Екатерина Сарыкөл ауданында әзірге мастикамен жұмыс істейтін жалғыз кондитер.

«Тапсырыстар көп бола бастады. Маған жабдық сатып алып, орынжай жалдау керектігін түсіндім... Дәл осы уақытта танысымнан «Бастау» жобасы туралы естідім. Ол жоба аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, кәсіп ашу, кеңейтуге, оны анағұрлым табысты етуге көмектеседі. Маған шынымен көмектесті», – деді кәсіпкер.

 Екатеорина кафеде орынды жалдап, дайын өнімді жеткізу мақсатында дүкендер желісімен келісімшартқа отырды. «Бастау» курстары аяқталған соң ол 240 мың теңге көлемінде грант алды. Осы қаражатқа келіншек кәсіби нан пісіретін пеш сатып алмақ.

 Бүгінде Екатерина Абросимова төрт баланың анасы болуына қарамастан ол бәріне үлгереді. Жұмыс табыс әкеле бастаған соң дамуға деген құлшыныс пен жоспарлар көбее түсті.  

 «Жеке цехым болса, өнім ассортиментін көбейтсем екен деймін. Маған бірнеше дүкен иелері нан-тоқаш пісіру бойынша ұсыныс жасады. Сарыкөлде мұндай кондитерлік өнімдер жасалмайды, сондықтан сұраныс та жоғары. Сонымен қатар кондитерлік курстарын оқып алғым келеді», – деді «Бастау» түлегі.

 Осындай мысалдар Сарыкөл ауданында көп. Биылдың өзінде «Бастау» курсына 98 адам қатысты. Кейбір тыңдаушылар Екатерина сияқты грантқа қол жеткізді, көбі жеке кәсіп ашу мақсатында жеңілдікпен несие алды.

 «Жобаның 28 түлегі облыстың қаржылық ұйымдарынан жалпы көлемі 58 млн теңгеге несие алды. 5 түлек жалпы сомасы 1,1 млн теңге көлемінде грантқа қол жеткізді. 500 000 теңге сомасында 1 жоба жеке қаражатқа ашылды, тағы бір жоба Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының мақұлдауында жатыр», – деп мәлімдеді Қостанай облысы ӨКП Сарыкөл аудандық филиалының директоры Руслан Молдабеков.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер