«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістан облысында Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы тағайындалды

2018 жылғы 10 Желтоқсан
- Түркістан облысы
11381 просмотров

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы болып атақты заңгер Орынбасар Абдукарімұлы Кабиштаев тағайындалды.

Орыбасар Кабиштаев 1964 жылы Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.

А.Е. Букетов атындағы Қарағанды ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмәмдаған.

1989 жылдан 2018 жылға дейін Ішкі істер министрлігінің және ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің түрлі жедел-тергеу және басқарушылық лауазымдарында қызмет етті. Отставкадағы  полиция полковнигі.

2018 жылдан бастап «Otau Home Services» ЖШС директоры.

2018 жылдың 10 желтоқсанынан бастап, ҚР «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға байланысты мәселелерді дереу және жүйелі түрде шешу үшін құрылған.

Кеңестің негізгі міндеттері:

- кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және кәсіпкерлік қызметтің бостандығы;

- мемлекеттік органдарға және ұйымдарға кәсіпкерлердің құқықтарын бұзылғандығына жауапты лауазымды тұлғаларды сотқа тарту туралы ұсыныстар беру және т.б.

Кеңес құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері және БАҚ өкілдері кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер