«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жоғары оқу орындары жатақхана салуға инвесторларды іздейді

2018 жылғы 10 Желтоқсан
- Қостанай облысы
6447 просмотров

Студенттік жатақхананы салып, қалай пайда табуға болады? Бұл туралы Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында өткен жиналыс барысында айтылды.

ЖОО өкілдеріне арналған мемлекеттік тапсырысты орындау артықшылығын кәсіпкерлерге ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ маманы Алпамыс Сатыбалдин айтып берді.

Белгілі болғандай, наурыз айында Мемлекет басшысы 2022 жылға дейін ең кемі 75 000 орынға жатақхана салуды тапсырды. Бұл тапсырманы орындаушы болып «Қаржы орталығы» АҚ белгіленді. Биылғы қазан айынан бастап барлық қажетті заңнамалық актілер қабылданып қойды. Берілген деректер бойынша 90 000 қазақстандық студент жатақханаға мұқтаж. 150-200 жатақхана құрылысы жоспарланған. Бұл мақсатқа бюджеттен 150 млрд теңге бөлінді»,– деді  Алпамыс Сатыбалдин.

 Мемлекеттік тапсырысты орындау механизмі қарапайым. Оқу орны жатақхананы өзі сала алады, сондай-ақ, инвестор көмегіне немесе банкке жүгіне алады. Жатақхана пайдалаунға берілген соң орталық 1 жатын орынға 122 АЕК төйлейтін болады. Егер бар ғимаратқа реконструкция жасалса, онда 1 жатын орынға 47 АЕК төленеді. Төлемдер 8 жыл жүзеге асырылады.

Осы ретте жатақхана иелері қосымша пайда таба алады – бос орынжайларды жалға беріп, онда коммерциялық объектілерді орналастыра алады.  

 Әзірге Қостанай облысында мемлекеттік тапсырысты орындауды бір ғана оқу орны – Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті қолға алмақ. ЖОО өкілі хабарлағандай, жатақхана 4 блоктан құралады. 2 алғашқы блокты келесі жылдан сала бастайды. Қалған екеуін Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет мемлекеттік транштердің есебінен салуды жоспарлап отыр.

 «Бұл өте жақсы менеджмент пен қаржыны бөлудің үлгісі», – деді Алпамыс Сатыбалдин.

Өңірдің тағы 5 оқу орнында жатақханаға қажеттілігі бар. Қостанай медициналық колледжінің басшылығы жатақхананы МЖӘ арқылы салуға шешім қабылдады. Басқалары таңдау жасап жатыр.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер