Ләззат Рамазанова қазақ-неміс ынтымақтастығы туралы: «Жобалар сәтті іске асуда»
Қазақстан мен Германия бизнесмендері өзара қарым-қатынастың алдын ала қорытындысын жасап, алдағы жұмысты белгілеу мақсатында Берлинде өткен Іскерлік Кеңестің 11-отырысында бас қосты.
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының жетекшісі, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова жиын қатысушыларына екіжақты ынтымақтастық дамуының басымдыққа ие бағыттары жөнінде ақпарат берді.
«Бірінші кезекте бизнес-жобаларды жүзеге асыру мен сүйемелдеуге назар аударылған. Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен барлығы 1500 экономикалық құрылым тіркелген. Қазіргі таңда 24 жобадан тұратын тізбек құрылған. Бұл тізбек былтыр Іскерлік Кеңестің 10-отырысында мақұлданған болатын», – деп атап өтті Ләззат Рамазанова.
Спикердің айтуынша, жобалар салалардың ауқымды спектрін қамтиды, атап айтқанда мұнай-химия, энергетика, энергияның жаңармалы көздері, бөлшек сауда, құрылыс, геологиялық барлау, машина жасау, Индустрия 4.0, әскери-техникалық ынтымақтастық, ақпараттық ынтымақтастық және басқа да салалар.
«Іскерлік Кеңестің аясында 5 жоба сәтті аяқталғанын, 11 жоба іске асырылып жатқанын атап өткіміз келеді. Бүгін тағы 6 меморандумға қол қою жоспарланған. Бұл ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру үшін нақты фирмалық келісімдер болады», – деді Ләззат Рамазанова.
Спикер Қазақстанда дуальді кәсіби-техникалық білім берудің дамуына жеке тоқталып өтті.
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Білім және ғылым министрлігі сонымен қатар Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамының (GIZ) бірлескен жұмысы нәтижесінде «Дуальді оқыту» порталы әзірленіп, іске қосылды, дуальді оқытудың ережелері әзірленді. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамымен бірге «Дуальды оқытудағы стратегиялық альянс» жобасын жүзеге асырып отыр» – деді Ләззат Рамазанова.
Қазақстанда, сондай-ақ неміс әріптестердің қолдауымен Басқарушы мамандарды дайындау бағдарламасы мен отандық кәсіпкерлерге шетелде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін «Іскерлік байланыс» жобасы сәтті жүзеге асуда.
Ләззат Рамазанова тұрғын үй саласында Біліктілік орталығын құру бойынша бірлескен жоба туралы айтты, мұндай идея «Атамекен» ҰКП-ның неміс әріптестермен көп жылдар бойы жұмыс істеу нәтижесінде туған.
«Қзақстанның тұрғын үй қоры бүгінде шамамен 80 мың көппәтерлі үйді қамтиды. Оған қызмет көрсету – жоғары білікті мамандарды, энергияны үнемдейтін технологияларды енгізу, тұрғын үй саласын цифрлауды талап ететіні анық. «Берлин қаласының ірі тұрғын үй ғимараттары бойынша біліктілік орталығына» ұқсас Орталықты құру осы мәселелерді шешеді деп санаймыз», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының жетекшісі.
Мұндай Біліктілік орталығын құру екі елдің бизнесі арасындағы технологияларды трансферттеу, мамандарды оқыту, тұрғын үй саласында энергия тиімділігін арттыру бойынша жобалары әзірлеу мен іске асыру іскерлік байланысты жасқартуға көмектеседі деп күтілуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: